СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бакылау жұмысы№1

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Контрольная четвертная работа по химия, контрольная работа состоит из двух вариантов и пяти вопросов

Просмотр содержимого документа
«Бакылау жұмысы№1»

Сабақ №

Күні:

Сыныбы: 8-сынып.

Пәні: Химия.

Сабақтың тақырыбы: Лабораториялық құралдармен танысу.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік – Оқушыларға химиялық ыдыстар жайлы білім қалыптастыру;

2. Дамытушылық – Оқушылардың теориялық білімдерін практикада қолдана білу қабілеттерін дамыту;

3. Тәрбиелік – Оқушыларды барлық химиялық құрал-жабдықтарға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ: мұғалімнің басшылығымен және оқушылардың өз беттерінше ізденуімен өтетін сабақ.

Сабақтың өтілу әдісі: Түсіндірмелі және көрнекіліктер көрсету.

Сабақта қолданылған технология: Сатылай кешенді талдау.

Қажетті көрнекіліктер: Оқулық және химиялық ыдыстар бейнеленген әр түрлі плакаттар, т.б.

Қажетті құрал-жабдықтар: Тұрғы, спирт шамы, сынауық, құтылар, құйғы, стақандар, тамшуыр, склянка, отбақыраш, өлшегіш ыдыстар және т.б.

Пәнаралық байланыс:

Практикамен

Тәжірибелерді өз беттерінше жасауы

Күтілетін нәтиже: Оқушылар химиялық құрал-жабдықтарды қажетіне қарай пайдалана алу туралы дағды қалыптастырады.

Сабақтың барысы:

І) Ұйымдастыру: а) сынып оқушыларын түгелдеу;

ә) оқушыларды сабақ мәзіріне дайындау;

б) кабинет тазалығына назар аудару.

ІІ) Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Оқушылардың практикалық жұмысты орындағандықтарына байланысты, үй тапсырмасын тексеру үшін, олардың жұмыс дәптерлерін жинап алып, сабақтан соң тексеріп, қайта беремін.

ІІІ) Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру кезеңі: Оқушыларға ережелердің қажеттігі жайлы мағлұмат беремін және оларды аталмыш ережемен толық таныстырамын. Оқушылардың қауіпсіздік техникасының ережелерімен танысқандығын растау үшін оларға арнайы техника қауіпсіздігі журналына қол қойдырамын.

ІV) Сабақтың жүзеге асу кезеңі: Алдымен оқушыларға практикалық жұмыстың мақсатын айтып өтемін. Мақсаты: лабораториялық құрал-жабдықтарменен танысу және оларды қажетіне қарай пайдалану.

І. Лабораториялық тұрғыны пайдалану әдістері.

Тұрғыға бекітілген сынауық нық тұрып және тұрғыны жылжытқанда қозғалмайтын болуы керек. Өте қатты қысылған сынауық сынып кетуі мүмкін. Сынауықты ортасынан емес аузына жақын жерден бекітеді. Оны шығарып алу үшін бұранданы босату керек. Стақанды тұрғыға бекіту үшін арнайы дөңгелек сақиналарға орналастырады (52, в-сурет). Жалпы алғанда, тұрғы тәжірибе жасайтын құралдарды бекіту үшін пайдаланылады.

ІІ. Лабораториялық құралдарды таныстыру.

Оқушыларға лабораториялық құралдарды көрсетіп және оларды қолдану жайлы мағлұмат беремін. Осыдан кейін оқушылар төмендегі үлгідегі кестені толытрады.


Кесте №1


№

Сурет

Аты

Қолданылуы

1


2


3


4


5



6



7



8


9


Тұрғы


Спирт шамы


Сынауық


Құтылар


Құйғы



Стақандар



Тамшуыр



Склянка


Отбақыраш

Тәжірибе жасайтын құралдарды бекіту үшін


Реактивтерді қыздыру үшін


Аз мөлшердегі тәжірибелер жасау үшін


Ауқымды тәжірибелер жасау үшін


Тәжірибе барысында реактивтерді керегіне қарай құю үшін


Тәжірибе кезінде реактивтерді араластыру немесе құю үшін


Тәжірибе барысында реактивтерді дәлдікпен құю және өлшеу үшін


Реактивтерді сақтау үшін


Қыздыруға арналған ыдыстар


V) Үй тапсырмасы беру кезеңі: Қайталау.

VІ) Бағалау саясаты: Сабақ соңында оқушылардың практикалық жұмыс дәптерлерін жинап алып, сәйкесінше дәптерлеріне тиісті бағаларын қоямын.