Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средный группе
Өткізу күні / Дата проведения:03.02..2020
Тәрбиеші / Воспитатель :Смағұл П.А
Білім беру саласы / Образовательная область: Коммуникация
Пән / Предмет: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Көліктер»
Тақырыбы / Тема: «Бағдаршам әмірі»
Мақсаттары / Цели
1. Тәрбиелік- воспитательная: Қысқы табиғаттын әсемдігін көре білуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Қиялдау, алған әсерлерін сөзбен жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқыту – обучающая : балаларға қыс мезгілінің табиғатын сипаттауға, өз ойларын хабарлы , синоним сөздерді пайдаланып жеткізуге дағдыландыру.
Педагогикалық технологиялар / пед. Технологии: ойын технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : интербелсенді тақта, суреттер, қағаздан қиылған қар бүршіктері, жыл мезгілдерінің суреті.
Билингвалдық компонент: бағдаршам – светофор, қызыл – красный, сары – желтый , жасыл – зеленый
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
(Ғажайып сәт)
Топқа басын ұстаған қоян кіреді (Балалар топқа келген қоянға таңдана қарайды)
Қоян: Басым-ай, басым-ай.
Тәрбиеші: Қоянжан саған не болды?
Қоян: жолдан өтіп бара жатыр едім, көлік соғып, құлап, басымды ауыртып алдым.
Тәрбиеші: Қоянжан, олай көшеде кез келген жерден болмайды. Жол ережесін бұзбау керек, көшеде бағдаршам бар емес пе?
Қоян: Мен жол ереже дегенді білмеймін, бағдаршам деген не?
Тәрбиеші: Балалар сендер жол ережесін білесіңдер ме?
Олай болса жол ережесі, бағдаршам дегенді біздің балаларымыздан үйрен.
2.Негізгі бөлім
Бағдаршам жайлы не білеміз? (балалар әңгімелейді)
Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда не істейміз?
Балалар біз жолға шыққанда ешқайда қарамай жүре береміз бе?
-Қандай жол белгілері бар?
-Бізге бағыт көрсететін не ол?
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бағдаршам не үшін керек?
Бағдаршамның неше көзі бар?
– Біз жол жүру ережелерін сақтап, жолда мұқият болуға, көшені кесіп өтерде бағдаршам белгісіне қарауға тиіспіз.
Олай болса балалар «бағдаршам» ойынын ойнаймыз.
Сергіту сәті
Боран соғар оң жақтан.
Боран соғар сол жақтан,
Қар лақтырып ойнаймыз,
Су ағады қолғаптан.
Жұмсақ модуль «Бағдаршам»
Балаларға үш түсті дөңгелектер беріледі. Балалар сол дөңгелектердің түстерін дұрыс тауып бағдаршам құрастырады.
Жеке жұмыс: Алина бағдаршамның басында қандай түс тұрады?
Айлана бағдаршамның ортасында қандай түс тұрады?
Билингвалдық компонент: бағдаршам – светофор, қызыл – красный, сары – желтый , жасыл – зеленый
Қоянжан көрдің бе?! Біздің балалар бағдаршам туралы көп біледі. Енді жол белгілері туралы әңгімелесеміз.
Сендер таңертең балабақшаға келгенде немесе ата-аналарыңмен қыдырып жүргенде қандай жолмен жүресіңдер?
Тәрбиеші: Неліктен жол жиегіндегі жолмен жүреміз?
Балалар, мына жолдың арғы бетіне өту үшін не істейміз?
Ал мына жерде бағдаршам жоқ екен. Бірақ мында бір белгі тұр, бұл белгі нені білдіреді екен?
Сергіту сәті:
Балалар қызыл түсті дөңгелекті көрсеткенде отырады, ал сары түсті дөңгелекті көрсеткенде орындарынан тұрады, ал жасыл түсті дөңгелекті көрсеткенде жүреді.
Жұмбақтар жасыру.
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Жол сақшысы)
2. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
3. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
Жарайсыңдар, балалар. Қоян сен ережелерді үйреніп жатырсың ба?
Балалар енді тақтадағы суреттерге назар аударыңдар:
Жолдың бойында доп ойнауға болады ма?
Жолда ролик тебуге болады ма?
3.Қорытынды/итоговая часть:
Дидактикалық ойын «Дұрыс, дұрыс емес»
Балаларға шындыққа сай келмейтін және келетін сөйлемдерді айту. Балалар оның дұрыс, дұрыс еместігін айтады.
Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда жүремін
Көшеде арнайы ақ жолақтан өтемін
Жолдан жүгіріп өтемін
Көшеден өткенде солға оңға қараймын.
Көшенің ортасында доп ойнаймын.
Жол ережесін сақтаймын.
Бағдаршамның сары көзі жанғанда дайындаламын.
Жасыл көзі жанғанда жүремін.
Қоян: Рахмет сендерге балалар, мен енді жол ережесін бұзбаймын.
Балаларды мадақтау. Балаларды бағдаршамның көздері бойынша бағалаймын (қызыл – төмен, сары – жақсы, жасыл – өте жақсы).