СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Білім еліне саяхат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

мектепалды даярлық сыныптарына арналған тапсырмалар

Просмотр содержимого документа
«"Білім еліне саяхат"»

Сөйлеуді дамыту. Қатынас.

Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

 

МАД

Тәрбиеші:



Тақырыбы

Білім еліне саяхат

Сабақтың мақсаты

Білім әлемі туралы тусінік беру. «1 Қыркуйек - Білім куні» екенін айтып, білім алу мақсатында алғаш мектеп, бала- бақша табалдырығын аттаған балаларды құттықттау.

Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат т.б

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

       

 Психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

 

 

– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Терезеге қараңдаршы! Қандай тамаша! Аңдар мен құстар, таулар мен өзендер – бәрі қуанышты. Өйткені бәрі-бәрі бір-бірімен дос. Айналадағы ортамен достықта болған қандай керемет!

Қол ұстасып, өзімізбен де, айналамен де сәлемдесейік.

Айтамыз алғыс қайталап,

Тыңдайды бізді шартарап.

Өмір сүру – бір бақыт.

Дос бола білу – шын бақыт!

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 

 


1.«Әдебиет әлемшде» аялдамасы.

Бұл аялдамада өлең-тақпақтар, жұмбақ-жаңылтпаш, ертегілер, кызықты әңгімелер жайлы қысқаша мағлұмат беріледі

-       Қандай өлең немесе ертегі білесіңдер?

2. «Әріптер әлемінде» аялдамасы.

-         Дыбысты айтамыз, естиміз.

-         Әріп - дыбыстың таңбасы. Әріпті жазамыз.

-         Балалар, әрқайсысың есімдеріңнің қай дыбыстан баста- латынын айтыңдар.

Менің атым - Жандос. Менің атым ж дыбысынан басталады.

«Дұрыс айт» дидактикалық ойыны. Тәрбиеші дауысты а дыбысының әртүрлі интонациямен айтылатынын мысалдар арқылы айтып көрсетеді. Сонан соң балалар бірнеше рет қайталайды.

1.      Дәрігерге келген бала ауызын кең ашып: «А-а-а», — деп айтады.

2.      Қыз бала: «А-а-а», - деп әндетеді.

Осындай жұмыстардан кейін болашақта сөз, сөйлем, буын, дыбыс, әріп ұғымдарын меңгеретіндігін айтып түсіндіру.

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

«Мен білемін».

Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын бекіту, байқығыштық пен зейінді дамыту.

Мазмұны: педагог допты қолдана отырып, келесі мәтінді айтады, бұл кезде допты еденге ырғақпен соғу.

– Мен ұлдардың бес атын білемін:

Арман – бір

Аділет – екі

Қуаныш – үш

Асхат – төрт

Нариман – бес

Әрі қарай келесі ойыншыға доп беріледі. Ол келесі бес затты атайды. Бұл кез-келген заттар болуы мүмкін (ойыншықтар, гүлдер, ағаштар, аңдар).

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік 

3. «Математика әлемі» аялдамасында математикалық үғымдармен, таңбалармен, геометриялық пішіндермен танысады.

1.      Балалар онға дейін санайды.

2.      Тәрбиеші геометриялық фигуралардың суретін көрсетеді, балалар айтады. Мысалы: үшбұрыш, төртбұрыш, т.б.

3.      Математикалық есеп шығарады. Мысалы:

Агаш бұтагына 3 торгай қонып отыр. Бір торгай ұшып кетті. Бұтақта неше торгай қалды? (Жауабы: 2 торгай қалды).

Сұрақтар арқылы әңгіме құрастыру. Сурет бойынша қойылатын сұрақтар:

1.     Балабақшада не үйрендіңдер?

2.     Балалар мектепке не үшін барады?

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені

Жаңа білімді түсінеді

Үйрену 

 Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.