| 2. Педагог жұмбақ жасырады: Күндер ысып, шөп пісіп, Ел пішенін орады. Бөбектерім, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? (Жазда) 3. Дәптермен жұмыс: Жаз тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыру: – Жаз айының басқа жыл мезгілдерінен қандай айырмашылығы бар? – Жазда балалар қайда шомылады? – Мал қайда жайылады? – Жазғы демалыста қайда барасың? – Жаз мезгілі несімен ұнайды? 4. Абайдың «Жаз» өлеңін оқып, мазмұнын түсіндіру. Н.Айтовтың «Жарқын жаз» өлеңін жаттау. – Жаз қалай келді? (жарқылдап) – Қаздар қалай ұшып келді? (қаңқылдап) – Көбелектер қайда қонды? (гүлге) – Не жауады? (жаңбыр) – Гүлдер несін ашады? (қауызын) – Ненің төсінде? (жайлаудың) – Не басталады? (қызық-думан). 5. Дидактикалық ойын: «Жылдың қай мезгілі екенін тап». Ойын шарты: Бірнеше сурет берілген, сол суреттер ішінен жылдың қай мезгілі екенін тауып, әңгіме құрастыру керек. 6. Сергіту сәті: Жаз келіпті дегенше, Алма пісті дегейсің. Бағымызда ендеше Алма тарту көбейсін. Жаз келіпті дегенше, Қарбыз пісті дегейсің, Бақшамызда ендеше Қарбыз жинау көбейсін. (Қимылмен көрсету). 7. Тыныштық сәті: – Қане, балалар, бір сәт тыныштық сақтап, өзімізді табиғат аясында тұрмыз деп елестетейік. Мейірімді күн шуағы көгілдір көлге шағылысып, жалт-жұлт етеді. Енді сендер суға шомылып, ыстықтағанды басыңдар. Қандай рақат, көңіліміз жайланып, көтеріліп қалды. – Енді осы елестеткен, ойлаған ойларыңмен бөлісейік. Балалар жаз мезгілі туралы өз ойларын айтады. |