СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ: Жалғау

Нажмите, чтобы узнать подробности

открытый  урок во  втором классе с казахским языком обучения.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: Жалғау»

Күні: 19.01.17

Сабақтың тақырыбы: Жалғау

Сабақтың мақсаты: жалғаудың сөзбен сөзді байланыстыру үшін қолданылатынын түсіндіру.

Пәндік нәтиже: сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру.

Тұлғалық нәтиже: ұжымда жұмыс істеу дағдыларын арттыру.

Жүйелі әрекеттік нәтиже: сөзді құрамына қарай талдау дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Негізгі бөлім: ұнтаспадан музыка ойналады.

  • Қайырлы күн! Құрметті 2 «А»сыныбының телестудиясына келген қонақтар! Сіздер «Қазақ тілі» бағдарламасына келіп отырсыздар. Бүгінгі бағдарламымыздың тақырыбы «Жалғау». Бүгінгі бағдарламаның тақырыбына сұрақтарыңыз болса микрофон немесе телефон арқылы хабарласуға болады. Телефонымыздың нөмірі

55-5-55. Келесі сөзді әріптесіме беремін. Айгерім.

  • Рахмет, Фариза апай! Құрметті көрермендер, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жалғау» және жаңалықтармен таныстырып өтейін. Қосымша жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінетінін хабарлайды. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз. Мысалы: ойын – ойыншық. Келесі сөзді Жанельге беремін.

  • Рахмет, Айгерім! Сөзбен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз. Мысалы: ойын - ойынға.

Келесі сөзді синоптиктерге береміз. Жаслан.

  • Рахмет, Жанель! Бүгін елімізде ауа райы ашық -5,-6 градус жылы. Кей жерлерде ауа райы құбылмалы. Ал, кітабымыздың 120 – бетін ашып, 1- жаттығуға назар аударамыз. Қыста да жаңбыр жауы мүмкін.Жаңбыр тамшыларынан өшірілген жалғауларды тауып жазуымыз керек. Ал, бейнетаспаға назар аударамыз. Бір – бірден тақтаға шығып орындаймыз. Келесі сөз кезегін Бекболатқа беремін.



  • Рахмет, Жаслан! Қалай ойлайсыңдар, туған күнді жақсы көресіңдер ме? 2 – жаттығуға назар аударамыз. Мәтінді оқимыз. Қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, түбірі мен жалғауын тауып белгілейміз. (Бір – бірден дауыстатып оқыту) Келесі сөзді Ермекке беремін.

  • Рахмет, Бекболат! Ал, енді ортаға шығып ,би билейміз. Сергіту сәті.Келесі сөз Арсыланға беріледі.

  • Рахмет, Ермек! Мен қазақ тілінің зерттеушісі болғандықтан 3- жаттығуға назар аударыңыздар.Мақалды көшіріп жаз. Құрамында жалғауы бар сөздерді белгіле.

  1. Сабақты қорыту:

  2. а)топпен жұмыс. Тақырыпты талдау. Өз ойларын ортаға салады.

ә) тапсырма : сөздер беріледі, ол сөздерді құрамына қарай кестеге жазады. Жайлау, оқушылар, дала, баланың, дәрігер, күйші, сұлу.

б) Сызбамен жұмыс.Түбір, жұрнақ, жалғауды ретімен орналастыру.

в) Бір –біріне сұрақтар қояды.

4. Үйге тапсырма: Сөз кезегін Рауанға береміз!

- Рахмет, Арсылан! Үйге 5-жаттығу беріліп отыр. Сурет бойынша мәтін құрастыру. Жазған сөйлемдеріңдегі жалғауы бар сөздерді белгіле. Анамыз туралы не айта аламыз?

5. Бағалау.

Әрине , сөздерге дұрыс жалғау жалғай білсек өз ойымызды дұрыс жеткізе аламыз. Айтуға онай!