СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ "Түстер әлемі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 "Түстер әлемі" тақырыбындағы 2-ші кіші топтың ашық сабағы

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Түстер әлемі"»

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Аубакирова А.А.

«Түстер әлемі»

Тақырыбы: «Түстер әлемі»

Мақсаты: Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың коммуникативтік- ақпараттық құзіреттілігін молайтып, ой- түйсігін, қиялын дамыту. Сенсорлық ойлау қабілетін дамыту.

Алдын ала жұмыс және сабаққа дайындық: керекті құрал- жабдықтарды дайындау, «Түстерді қайталау».

Сөздік жұмыс: Қызыл, жасыл, көк, сары.

Дидактикалық құралдар: плакаттар, қолшатыр, шарлар, түрлі- түсті жәшіктер, әр түрлі түске боялған жемістер мен көкөністердің суреттері.

Блингвистикалық компонеті: Қызыл - красный, Көк - синий
Сары - желтый, Жасыл - зеленый

Әдіс- тәсілдер: Эксклюзивті,түсіндіру, әңгімелеу, сын тұрғысынан ойлау, сұрақ- жауап, көрсету,модульдік.

 

Қызмет кезендері

 

Педагогтің басқару іс-қимылдары

 

Балалар қызметі

 

 

 

 

1 кезең

уәждік-түрткі болу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баланың әрекетке кірісуіне түрткі болу:

Сәлеметсіздер ме балалар!

 Менің түстер әлеміме қош келдіңдер! Проблемалық жағдай орнату

Балалар қараңыздар, бізге бүгін Күн  күлімдеп тұр, күннің түсі сары, балалар, кап кап кап, жаңбыр жауып кетті! Кәнеки, менің қолшатырымның астына тығылыңдар! Қараңдаршы, жаңбырдан кейін кемпірқосақта шығып қалыпты, балалар қараңыздар кемпірқосақтың түстері әртүрлі көк, сары, қызыл, жасыл т.б.

Сендерді бүгін өзімнің  түстер әлеміме саяхатқа апарамын. Онда көптеген түстердің тапсырмаларын орындауымыз керек. Менімен саяхатқа шыққыларын келеме?

 

 

 

  -Сәлеметсіз бе!

 

  

 

 

Балалар тәрбиешіні тыңдайды

 

 

 Көріністе қатысады.

 

 









Иә  барамыз, орындаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

2 кезең

проблемалық-ізденістік

 

 

 

 

 

 

Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау:

Түстеріне байланысты жемістер мен көкөністерді түсіне сәйкес жәшіктеріне салу



 

 

 

Баланы қызмет үрдісіне психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу:

Қане, балалар шеңберге тұрайықшы.

Сергіту сәті

 





Шашылып қалған жемістер мен көкөністерді атауы мен түсін атап түсіне сәйкес жәшіктеріне салады.



 

 

Балалар мұғаліммен бірге сергіту сәтін орындайды.

 

3 кезең

рефлексті-түзетімдеуші

Балалар қызметінің нәтижелерін талдау:

Балалар бүгін біз сары, жасыл, көк, қызыл түстерімен таныстық.  

Ал енді мына берілген суретті түстерге бояуымыз керек! Шөптің түсі қандай? Жасылға бояйық. Гүлдің түсі қандай? Қызылға бояйық. Күннің түсі қандай? Сарыға бояйық. Бұлттың, аспанның түсі қандай түсі қандай?Көкке бояйық.

Балалар біздер менің түстер әлемімнің тапсырмаларын орындап бітірдік. Саяхатымыз да аяқталды. Сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?Сендерге түстер әлемінің сыйлығы бар. (түрлі- түсті шарлар сыйлау).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сұрақтарға жауап беріп, суретті бояйды.

 

 











Рахмет!