№5 I кіші тобының ата-аналар жиналысының
№1 хаттамасы
Барлығы: 16
Қатысқаны: 10
Қатыспағаны:6
27.11.2018жыл
Күн тәртібі:
1. «Кел танысайық!» Тренинг.
2. «Баланың балабақшаға бейімделуі» ( баяндама)
3. Ата-аналарды бөбекжай өмірімен таныстыру/күн тәртіп, ұйымдастырылған оқу қыметтері,ата –аналармен жұмыстар,бөбекжайдың мақсаты мен міндеттері/
4. Әр түрлі мәселелер. «Сіз ата-ана міндетіңізді білесіз бе?» сауалнама
5.Қоштасу шеңбері: «Өз жұбыңды тап»
Тәрбиеші: А.Айтимова
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша, топ тәрбиешісі ата-аналарға «Шаттық шеңбер » құру арқылы «Кел танысайық » атты тренинг өткізді. Тренингте ата-аналар бір-біріне доп беру арқылы танысты. Тренинг өте қызықты өткізілді.
Екінші мәселе бойынша, топ тәрбиешісі Айтимова Ақбота «Баланың балабақшаға бейімделуі» тақырыбында баяндама оқыды.Баяндаманың мазмұны бойынша ата-аналар өз пікірлерін ортаға салды. Ата-ана Табылдиева Гулмира баяндамаға байланысты өз ойын еркін жеткізді.
Үшінші мәселе бойынша, ата –аналарға балабақша өмірімен таныстырылды, оның ішінде күн тәртібі,ұйымдастырылған оқу қызметтері,балабақшаның мақсаты мен міндеті түсіндіріліп айтылды. Тәрбиешіге сұрақтар қойылып,жауаптары алынды.
Төртінші мәселе бойынша, ата-аналардан « Сіз ата-аналық міндетіңізді білесіз бе?»сауалнама жүргізілді. Әр ата –ана өздерінің ойларын айтты, соның ішінде Панижанның атасы өз ойын жақсы жеткізе білді.
Бесінші мәселе бойынша, ата –аналарға қоштасу шеңбері «Өз ойыңды тап» тақырыбында өткізілді.Бұл ойында өте қызық,өз деңгейінде өткізілді.
Шешімі:
1) А. Айтимованың өткізген тренинг «қанағаттанарлық» деп бағалансын;
2) А.Айтимованың оқыған баяндамасы «қанағаттанарлық » бағалансын;
3) Сауалнама қорытындысы бойынша әрі қарай жұмыстану психологқа жүктелсін.
Жиналыс төрайымы: А.Айтимова
Жиналыс хатшысы: А. Қанжан
№5 I кіші тобының ата-аналар жиналысының
№2 хаттамасы
Барлығы: 20
Қатысқаны: 14
Қатыспағаны:6
28.02.2019жыл
Күн тәртібі:
Балабақшаның биылғы оқу жылында алға қойған мақсаты бойынша баяндама:
1. «Балалардың дүниетанымын қазақ этнопедагогикасы арқылы қалыптастыру»
2. «Балабақша өмірінен » ( сауалнама)
3. Әртүрлі мәселелер
Тәрбиеші: А.Айтимова
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша, топ тәрбиешісі Айтимова Ақбота «Балалардың дүниетанымын қазақ этнопедагогикасы арқылы қалыптастыру» тақырыбында баяндама оқыды.Баяндаманың мазмұны бойынша ата-аналар өз пікірлерін ортаға салды. Ата-ана Қанжан Айым баяндамаға байланысты өз ойын еркін жеткізді.
Екінші мәселе бойынша, ата-аналардан «Балабақша өмірінен »сауалнама жүргізілді. Әр ата –анаға сауалнама таратылып, толтырылды. Ауызша өздерінің ойларын айтты, соның ішінде Айкөркемнің әжесі өз ойын жақсы жеткізе білді.
Үшінші мәселе бойынша, ата –аналарға топ тәрбиешісі Айтимова Ақбота алдағы уақытта келе жатқан «8-Наурыз» мерекесі туралы ескертті.Балаларға ертеңгілікте киетін киімдері туралы тәрбиеші ұсыныс тастады, ата –аналар тәрбиешінің ұсынысына келісетіндерін айтып және өз ойларын ортаға салды.Сонымен қатар, балабақшаға кешікпей келуі туралы ескертті.
Шешімі:
1) А.Айтимованың оқыған баяндамасы «қанағаттанарлық » бағалансын;
2) Сауалнама қорытындысы бойынша әрі қарай жұмыстану психологқа жүктелсін.
Жиналыс төрайымы: А.Айтимова
Жиналыс хатшысы: Қанжан Айым
Білім беру саласы: Коммуникация.Таным.Әлеумет.Шығармашылық. Денсаулық.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Аралас
Тақырыбы: Ауылға саяхат.
Мақсаты: Балаларға ауыл туралы мағлұмат беру. Балалардың үй жануарлар және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту , оларды бір-бірінен ажырата білуді және дұрыс атауды бекіту.
Дамытушылық :Үй жануарларының дыбыстарына дұрыс еліктеуін қадағалау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін дамыту, ұсақ қол моторикасын дамыту үшін заттармен нәзік қимылдар жасауды қалыптастыру. Ойын барысында балалардың сөздік қорларын, сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын дамыту.
Тәрбиелеу:Үй жануарларына қамқор болуға, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ -жауап, әңгімелесу, ойын.
Көрнекі құралдар:руль,билет үшін геометриялық пішіндер, үй жануарларының ойыншықтары мен суреттері, күн, күннің шуақтары, әтеш ойыншығы мен суреті, аудио дыбыс.
Тәрбиеші:Сәлеметсіздер ме,балалар?
Балалар: Сәлеметсіз бе?
Тәрбиеші: Балалар көңіл- күйлеріңіз қалай?
Балалар: Жақсы
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар ендеше шаттық шеңберін құрайықшы.
Шаттық шеңберін құрады.
Күннен қуат алайық.
Алақанға салайық.
Жүректен жылу алайық,
Алақанға салайық.
Алақандағы жылуды
Бір - бірімізге сыйлайық
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар өте жақсы.(осы кезде әтештің шақырған дауысы естіледі)
Тәрбиеші: Балалар естідіңдер ме,бұл ненің дауысы?
Балалар: Әтештің дауысы
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар,өте жақсы.Балалар әтеш қайда өмір сүреді?
Балалар: Үйде,қорада,ауылда.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,әтеш ауылда өмір сүреді,ол үй құстарына жатады.Ендеше балалар ауылға саяхатқа барайықшы.Ол үшін біз автобусқа отырамыз,ал оған міну үшін бізге билет қажет.Мен сендерге түрлі пішіндерден жасалған билет таратып беремін,соған сәйкес әр бала өз орнына отыруы керек.(балалардан пішіндерді және түстерін сұрау)
Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы бұл әтеш.Ол үй жануарына жатады және жем,тарымен қоректенеді.Әтеш өзінің әдемі дауысымен таңертең біздерді оятады.Қараңдаршы оның дауысынан тіпті басқа да үй жануарлары оянды. Естідіңдер ме,бірінші сиырдың,екінші қойдың,үшінші мысықтың,төртінші иттің дауысы шықты.(балалар дауысын ажыратып айтады)
Балалар тыңдап жауап береді.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар,дұрыс айтасыңдар.Бұлардың бәрі үй жануарына жатады. Себебі,олар өздері күн көре алмайды,сондықтан адамдардың қамқорлығында тіршілік етеді.Олардың бізге берер пайдасы өте көп.Айта кетсек,жеп отырған етіміз,ағарған тағамдарымыздың барлығы осы үй жануарларынан алынады.
Қәне,балалар шаршадық па?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Ендеше орнымыздан тұрып серігіп алайық.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп -кішкентай балалар,
Үп –үлкен болып өседі.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,орнымызға отырайық.
Балалар тақтаға назар аударайық. Не көріп тұрмыз?
Балалар: Әтеш,ит,қой,мысық,сиыр.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,балалар өте жақсы.Ендеше осы үй жануарларының дауысын салып көрейікші?(балалар айтылған жануарлардың дауысын салуы керек)
Тәрбиеші: Бәрекелді,балалар, жарайсыңдар.Енді осы сурет бойынша жұмыс жүргізейік.(суреттермен жұмыс)
Балалар ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Ендеше ойын ойнайық, Балалар қараңдаршы күннің шуағы неге жоқ ?
Балалар: Қазір күн суық.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар,жарайсыңдар.Балалар! Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс мезгілі.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,қыс мезгілі болғандықтан күннің шуағы яғни бізге берер жылуы аз.Қыс мезгілінен кейін көктем мезгілі келе жатыр.Көктемде күннің шуақтары жарқырап,бізге берер шуағы мол болады.
Ойын: «Күнге шуақ жасайық»
Шарты: Берілген шуақсыз күнге , балалар шуақтарын жапсыру қажет.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар,өте жақсы сендерге ойын ұнады ма?
Балалар: Ия,ұнады.
Тәрбиеші:Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі ұнады ма?
Балалар: Ия,ұнады.
Тәрбиеші:Біз саяхатқа қайда бардық?
Балалар: Ауылға бардық.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.Ауылда қандай жануарларды көріп,дауысын салдық?
Балалар: Ит,мысық,әтеш,сиыр,қой.
Тәрбиеші: Бәрекелді.Қандай ойын ойнадық?
Балалар: Күннің шуағын жапсырып.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне барлықтарыныңыз өте жақсы қатыстыңыздар.Келесі ұымдастырылған оқу қызметінде бұданда жақсы қатысып,биіктерден көріне беріңдер.