СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ. 6 сыныппен

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

6 "Д" сыныбымен "Тұсаукесер" тақырыбына ашық сабақ өттім.  Сабақ өте қызықты болды

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ. 6 сыныппен»

6 – сынып информатика

№1 сабақ

Күні:

Пәні

Информатика

Мұғалім аты-жөні

Атагелдиева Ж

№19 о/м

6 «д» - сынып

Оқу-ісінің меңгерушісі

Сабақтың тақырыбы: Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер. Тұсаукесерді безендіру.

Сілтеме:

  • 6-сынып оқулығы;

  • Плакаттар , слайдттар, флипчарт, видеороликтер

  • Стендтер.Интернет материалдары, бағалау парағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні:

Оқушыларға тұсаукесер туралы жалпы мәліметтерді білуі тиіс

PowerPoint интерфейсі және терезе элементтерімен танысу.

Тұсаукесерге слайдттар қосу және олармен жұмыс істеу.

Шаблон бойынша тұсаукесерді құруды білу.

Дамытушылық мәні:

Практикалық дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Тәрбиелік мәні:

Өз бетімен жұмыс жасауда ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық қасиеттерін тәрбиелеу.

Нәтиже:

  • Бағдарламаны іске қосуды біледі

  • Тұсаукесерге слайдттар қосу және олармен жұмыс істеуді біледі;

  • Жаңа тұсаукесер және шаблон бойынша тұсаукесерлер құрып, слайдтарды қарау және жоюды біледі.

  • Теорияны практикада қолдану дағдыларын қалыптастырады;

  • Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыланады;

Түйінді идеялар:

PowerPoint интерфейсі және онымен жұмыс істеу

Тұсаукесер құру және жұмыс істеу принциптері

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:

СТО, АКТ, Венн диаграммасы, «Жылан құйырығы» әдісі, «Бағдаршам» әдісі

Пәнаралық байланыс:

Тәрбиелік, география, математика, қазақ тілі, тарих, ағылшын тілі

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу.

  2. Ұйымдастыру.

  3. Топқа бөлу. /асық арқылы/

  4. Сабақ барысымен таныстыру.

  5. Бағалау парағын таныстыру.

  6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру

  • Сәлемдесу

  • Өздерін ретке келтіру

  • бір-біріне жақсы тілектер айту

  • Топқа бөліну, топ басшысын сайлау.

  • Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)

(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

  • Нысандармен қандай әрекеттер орындауға болады?

  • Мәтіндік редакторды қалай іске қосамыз?

  • Нысандарды қалай жылжытуға (көшіруге) болады?

  • Бәрнеше нысандарды бір мезгілде ерекшелеуге болама?

  • Шрифті қалай өзгертеміз? Егер бізге қажет шрифт болмаса?

  • Бізде компьютерде мәтіндік редактордың қандай версиясы орнатылған?

  • Кесте дегеніміз не?

  • Нысанды қалай жоямыз?

  • Кестелерді қалай құруға болады?

  • Нөмірленген және маркерленген тізідерді қалай іске асырамыз?

  • Ортаға, шетке, оңға, солға туралау дегенді қалай түсінесің?

  • Қарайтылған, қисайтылған, астын сызу не үшін керек?

  • Құжатты қалай сақтауға болады?

Үй тапсырмасын «Сәйкестендіру» кестесі арқылы қорытындылаймын.

Қызығушылықты ояту (2 мин.) Бейнеролик «Тұсаукесер» Миға шабуыл

Осы «Тұсаукесер» ролигінен кейін тәрбиелік мәнін аша отырып, оқушыларға оның балама атауының информатика пәнінде қолданылатыны арқылы жаңа сабақты ашу.

Оқушылар зейін қойып тыңдайды. Оқушылар өз ойларын айтады.



Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)

Сабақтың негізгі бөлімі (25 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді. Өткен тақырыппен байланыстыру.

Топтық жұмыс «Жыл мезгілдері» тапсырмасы беріледі.

Топ басшысына тапсырма: Тұсаукесер сөзінен кім? және не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді мүмкіндігінше көбірек табу.

Жұптық жұмыс. Компьютерде орындайды. Әр жұпқа жеке тапсырмалар беріледі.

Оқушылар белсене тыңдайды, қатысады. Тапсырманы топпен компьютерде орындайды

Тұсаукесер жасайды.

Оқушы тақтада орындайды.


1 минут беріледі.

Оқушылар жұппен орындайды. Қорғайды.

Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақты Венн диаграммасымен қорытындылау.

Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау)

Флипчартта жұмыс істейді.

Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау (2мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.

Бағалау критерийлері 
• Өз бетімен білім алуы 
• Дербес жұмыс жасауы 
• Жұпта жұмыс жасауы 
• Информатикалық білімі 
• Информатикалық терминді пайдалану. 

Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.

Үйге тапсырма (1 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үйге «Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер» тақырыбын оқып келу. «Менің отбасым» тақырыбына тұсаукесер дайындап келу.

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.

Рефлексия (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Тақтада өз таңдауларын жасайды.