СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ас-адамның арқауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

конспект урока по теме Ас-адамның арқауы для 5 класса.

Просмотр содержимого документа
«Ас-адамның арқауы»


Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 5

Сабақ 93-94


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:


Ас- адамның арқауы

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

О1 Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау.


Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Тақырыптың аясында қазақша жай сөйлемдер құрау арқылы жаңа сөздерді меңгереді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Мәтіннің табиғатын,жасалу жолын,байланысуын,сөйлемнен айырмашылығын меңгереді

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша пайдалы не зиянды тағамдар, жартылай дайын тағамдар туралы ақпарат бере алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде жартылай дайын тағамдарды сипаттайды, оның пайдалы, зиянды жақтарын түсіндіреді.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды, қарапайым үлгілер арқылы Сөйлесімге келеді.

Тілдік құзіреттілік

Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Көз – адамның айнасы

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал !

Күлім қағып қолымды

1,2,3 деп соғайық

Қарап тұран көршіме

Қолымды мен бұлғайын

Жылы-жылы жүзбенен

Маңдайынан сипайын

Жылы-жылы сөзбенен

Жүрегімді сыйлайын

Ыстық алақаныммен

Қолыңды бір қысайын

Амандасып өзіңмен

Құшақтап бір алайын

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшілік- терді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақ- тарға жауап береді.

1-топ:

«Бақыт» вагоны

2-топ:

«Сүйіспеншілік» вагоны

3-топ:

«Жарқын өмір» вагоны

«Қызыл гүлім-ай» би билету.

Жаңа білім

10 минут






Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында оқулықтағы

1-тапсырманы орындатады. «Сатып алайық» ойы- нын ұйымдастырады. 4—4-тен топ құрғызады. Әр топқа бір сатушы тағайындайды, ал қалғандары сатып алушы болады.

Ә) Ой шақыру сұрақтарын қояды:

— Балалар, сендер қандай тағамдарды ұнатасыңдар? Жартылай дайын өнімдер дегеніміз не? Оның адам ағзасы үшін пайдасы бар ма?






Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут








Ас-адамның арқауы

Асыңыз дәмді болсын!

Сөздік


Тамақ - еда, пища өсімдік -растение

Ағза -организм сұйық май –растительное масло

Ақуыз -белок құрам - состав

көмірсутек -углеводород тәулік -сутки

қамтамасыз ету –обеспечить


1 . Мәтінді түсініп оқып, мазмұндап беріңдер.


Ас-адамның арқауы


Адам әр уақытта тамақ ішпей тұрмайды. Ол алуан түрлі болады.Тамақ арқылы ағза қажетті мөлшерде ақуызбен, маймен, көмірсутегімен, минералды заттармен, дәрумендермен, сумен қамтамасыз етіледі. Әдетте тауық жұмыртқасы, ірімшік пен сүзбе таза ақуыздан тұрады. Ет пен балықта да ақуыз көп болады. Майлар да әртүрлі болады.Өсімдіктен алынатын сұйық майлар да аз емес. Қант пен крахмалда, ботқада, нанда, картопта, жеміс жидектердің құрамында көмірсутек көп бола-ды.Адамға тәулік сайын күніне жүз грамм ақуыз, сексен бес грамм май, төрт жүз грамм көмірсутек қажет.

2

. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңдер.


1.Тамақтану арқылы адам өз ағзасын немен қамтамасыз етеді?

2.Қандай тамақтар таза ақуыздан тұрады?

3.Көмірсутек қандай тамақтардың құрамында көп кездеседі?

4.Адамға тәулік сайын қанша ақуыз,май,көмірсутек қажет?

. Суреттегі тамақтардың түрлерін атап, олармен сөз тіркестерін құрастырыңдар.


. Мәтінді пайдалана отырып «Азық –түлік дүкенінде» тақырыбына диалог құрастырыңдар.


1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

2. Мәтіналды жұмыс.

А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтан- дыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орында- тады.

3. Тілдік бағдар. Тасымалды меңгертеді.

4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тап- сырманы орындатады.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтан- дыру үшін 6-тапсырманы орындатады.

Б) Айтылым. Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қа- лыптастыру үшін 7-тапсырманы орындатады.

В) Айтылым. Жазылым. 8-тапсырманы орындата- ды.

5. Сергіту сәті. «Жартылай дайын өнімдер» тақырыбы бойынша коллаж жасатады.

Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 9-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Тірек сөздерді пайдаланып, «Біз салат жасадық» тақырыбында шағын мәтін жазады.

Айтылым. Сөзжұмбақты шешеді.

Тасымалды меңгереді.

Тыңдалым.

Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды, сұраққа жауап береді.

Жазылым.

Сөздерді буынға бөліп жазады, көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды жалғайды.

Айтылым. Тілдесім. «Дүкенде» тақырыбында диалог құрастырады.

Айтылым. Жазылым. «Айшықты сөз» ойынының шартын орындайды.

Коллаж жасайды.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді


Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

.


Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу


Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

- Жаңа сөздер.

 -мәнерлеп оқу, сөздікке жазғызу

 -қазақ тілінің төл дыбыстары бар сөздерді дұрыс айтуға үйрету

 Ардақты адал ас – бесценный, почитаемый продукт

 одан аттамас – не перешагнет через него

 қол жумай оны ұстамас– не возьмет не помыв руки

 асыл дәм – прекрасный вкус

 жасынан – с детства

 береке кетер асыңнан – благополучие уйдет со стола

 өмірдің алтын арқауы – главное в жизни

 қиқымы – крошки хлеба

 шашпаңдар – не бросайте

 Тапсырма:

 1.Нан сөзін септеңдер

 2.Нанды, өмірдің, балалар, дастарханнан, оқушы сөздерінің түбірін анықтаңдар

Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.

«Оймоншақ» ойынын ұйымдастырады.

Ойынның шартын орындайды.

Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Жағдаяттық тапсырманы орындайды.

Кестені толтыру

Бағалау


5 минут











Кері байланыс

3 минут

«Білім қоржыны» кері байланыс

Үйге тапсырма: Бүгінгі күннің қалай өткені жайлы күнделікке өз ой-пікірлерін жазып келу.


(МК) Кері байланыс «Бір +, бір - »

Сабақ барысында сәтті шыққан 1 кезең, сәтсіз шыққан 1 кезеңді айту.

Өз-өзін бағалау

Бұлтқа өзіңе баға қой немесе сөзбен


Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?