СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Анашым, ақ гүлімсің!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы:  Анашым,ақ гүлімсің!

Сабақтың мақсаты:      Оқушыларға ана пейілі мен махабатын сезіндіру,

ананы ардақтай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ананы сыйлау,

құрметтеу,өнеге тұту сияқты қасиеттерді сіңіру ,үлкенге ізетті болуды қалыптастыру.

 

Көрнекілігі:  Ана туралы нақыл сөздер, суреттер т.б

 

Тәрбие сағатының барысы:

1Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылыарды сахна төріне тұрғызу.

2. Мұғалім сөзі:                     

  Мектеп үшін ата-аналар бөлексіздер

Мектеп үшін қашанда керексіздер,

Ата-аналар ардақты абзал жандар

Ұстаздармен қашанда біргесіздер.

 

Просмотр содержимого документа
«Анашым, ақ гүлімсің!»

Сабақтың тақырыбы:  Анашым,ақ гүлімсің!

Сабақтың мақсаты:      Оқушыларға ана пейілі мен махабатын сезіндіру,

ананы ардақтай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ананы сыйлау,

құрметтеу,өнеге тұту сияқты қасиеттерді сіңіру ,үлкенге ізетті болуды қалыптастыру.

 

Көрнекілігі:  Ана туралы нақыл сөздер, суреттер т.б

 

Тәрбие сағатының барысы:

1Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылыарды сахна төріне тұрғызу.

2. Мұғалім сөзі:                     

  Мектеп үшін ата-аналар бөлексіздер

Мектеп үшін қашанда керексіздер,

Ата-аналар ардақты абзал жандар

Ұстаздармен қашанда біргесіздер.

 

Ана десем алғыс алам халқымнан.

Ана десем  теңіз болам шалқыған.

Ана десем  ашылады қабағым

Ана десем  әділдікті ұғамын.

Біз ғана емес

Қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар,

Ана деген тіршіліктің тірегі.

Армысыздар, қасиетті аналар

 

Құрметті   Ұстаздар, ата-аналар  ,қыздар сіздерді  алда келе жатқан 8-наурыз  халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз.Халықаралық әйелдер -қыздар мерекесі құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке, бірлік дендеріңізге саулық тілей отырып 1-сынып балаларының дайындаған «Анашым- ақ гүлімсің! » атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.

 

«Қуаныш шеңбері» тренинг

Шеңберге тұрып,бір-бірімізге жақсы сөздер айту. (Ақ гүлді ұсына отырып.)

Мұғалім сөзі:  Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба?

 

Бала, бала ,бала деп

Түнде шошып оянған .

Түнұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған,

Бұл кім?

Балалар : Ана, Ана, Ана.

Мұғалім сөзі: Әрине ,бұл біздің аналарымыз. .Ана сөзін ауызына алмайтын адам баласы жоққа тән.Аналар қоғам өмірінеде алатын орны бөлек.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына кезек берейік.

1-бала:        

  Анашым,ақ гүлімсің!      

     Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген анашым.

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын.

 

 

2-бала;                   

     Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп менің

«Құлыншағым,күліп»  дейтін.

Анащым,ақ гүлімсің!


3-бала:                         

Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Бар баланы қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

Анащым,ақ гүлімсің!


 

4-бала:  

Анащым,ақ гүлімсің!

  Үн қатасың бал тілімен

Еркелеймін әр күні мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен

 

Мұғалім сөзі: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың күн нұры тастай мұзды да жібітеді.Сүйікті аналар, сіздерге  деген балаларыңыздың жылы лебізін қабыл алыңыздар!

«Құттықтаймын мама туған күніңмен!»әні орындалады.

 

5-бала:                           

  Анамды мақтан етем

Ақсүтін ақтап өтем

Анам сау жүрсе өмірде

Арманыма жетемін.

Анашым,ақ гүлімсің!

 

6-бала:

Анашым,ақ гүлімсің!
Өлең айтып беремін

Нанды алып келемін

Өйткені мен анамды

Өте жақсы көремін.

 

7-бала:                                  

  Анам менің сүйкімді

Қарақаттай көздері

Жаныма жылы тиеді

Ақылмен айтқан сөздері.

 

8 –бала                        

      Айналайын анашым

Ақылы асқан данасың

Балаң үшін не керек

Бәрін іздеп табасың.


9-бала   Анашым,ақ гүлімсің!                                

Тіс ауырса, іш ауырса

Анам дәрі береді .

Барлық ана ,барлық бала

Оны жақсы көреді.

10-бала:                       

       Әр ананың арманы

Баласы жақсы болғаны

Орындалса сол тілек

Орындалар қалғаны.

 Анашым,ақ гүлімсің!

 

11-бала:    Анашым,ақ гүлімсің!                           

   Ең қымбатты өмірде

Ана екенін білеміз

Ана жанын түсініп

Ойнаймыз да күлеміз.

 

12-бала:

Анашым ақ сүт беріп өсіріп ең

Қатемді меннен талай кешірін ең

Төрт бөліп түн ұйқысын әлдилеткен

Айналдым ана деген есіміңнен.

 Анашым,ақ гүлімсің!

Мұғалім сөзі:  Балалар  анамызды құрметтейік

Көңілін ешқашанда кірлетпейік

Сабақты жақсы оқып, тәртіпті боп.

Орынсыз ренжітіп, үндетпейік.

 

Өмірде анаңнан артық адам жоқ, өйткені ол сені мәпелеп өсіреді, барын аузыңа тосады, дүниенің жақсысын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды.Түн ұйқысын төрт бөліп ақ сүтін береді.Сондықтанда еш бала өз анасын ренжітпеуі тиіс.Анасы бар адам бақытты. Ана деген кешірімді жан.Сенің барлық қылығыңды кешіреді ,аяйды.

Құрметті аналар! Сіздерді тағы да көктемнің мерекесімен құттықтаймыз.Осымен 1 сынып оқушылары дайындаған «Анашым,ақ гүлімсің!»  атты тәрбие сағаты аяқталды.