Мағыстау гуманитарлық колледжі
Тәрбие сағат
Тақырыбы: Ана – өмір бастауы
Практикант: Махмутова М.
Тобы: ШП – 41
Мектеп: № 20
Сынып: 4 «е»
Уақыты: 23. 02. 09 ж.
Әдіскер: Аустниязова Ш.
Мұғалім: Садуақасова Г.
Бағасы:
Әдіскердің қолы:
Ақтау – 2009 ж

Сабақтың мақсаты: Оқушының өз ортасына, отбасына деген сүйіспеншлік,
мейірімділік сезімін ояту. Анасын құрметтеуге,
аялауға, ана еңбегін ардақтап, ұүрметтей білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: мерекелік құттықтаулар, нақыл сөздер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар ! Бүгінгі 4 «е» сыныбында өткелі отырған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.
Оқушылар: Үлкенге де Сіз,
Кішіге де Сіз,
Құрметпенен Сіздерге
Бас иеміз біз.
Қайырлы таң !
Қайырлы күн !
Күліп шықты күн бүгін,
Мерекелі осы күн.
Мұғалім: «Ана – өмір бастауы» атты мерекемізді бастамас бұрын сынып ұлдарының қыздарға деген ілтипатын тыңдайық. Ұл балалар қыздарды осындай құрметпен әр үстелге отырғызады.
1 – жүргізуші: (Жанерке) Армысыздар ардақты, ұстаздар !
2 – жүргізуші: (Ильяс) Қош келдіңіздер, жиналған қауым!
1 – жүргізуші: (Жанерке)
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн ұаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.
2 – жүргізуші: (Ильяс)
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қарайтыным қас – қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым.
1 – жүргізуші: (Жанерке)
«Тыныштық сәті». Ана туралы өлең тыңдалады.
2 – жүргізуші: (Ильяс)
Ендігі кезекті ата – ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға құлақ түрсек.
Гаухар: Ұл – қыз, ата – анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата – ананың ұл – қызы болып өседі.
Бекболат: Әдепті, адал ұл – қыздардың міндеті ата – аналарының тірісінде көрсеткен қызметімен бітпейді. Ата – аналарын олар дүниеден қайтқанда да жиі есіне алады.
Айжан: Ата – ананы сыйлау – сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.
Бақытбек: Ата – ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
Маржан: Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата – анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас – туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке – тірегің, қамқоршың, асқар тауың, Ана – жарық дүниеге әкелуші.
Жанболат: Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін, ерекше бағаламасаңдар, ол – қорлық.
1 – жүргізуші: (Жанерке)
Ендігі кезекті биге берсек. Мизамбаева Ұлжан мен Бауыржан Гаухардың орындауындағы «Адай» биін тамашалайық.
2 – жүргізуші: (Ильяс)
«Ата – ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес» деген екен қазақтың атақты жазушыларының бірі – Ғабиден Мұстафин.
1 – жүргізуші: (Жанерке)
Шынында да бізге осы жарық дүниені сыйлаған жан кім ? Анамыз !
Камшат: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Айгүл: Талай жыл ұстаз болып,
Еңбек еткен.
Шәкіртіне бүгін де көңілі толып
Гүлбадан апай тамаша біздіңнеткен ?!
Мақсат: Еңбегіңіз еленіп жана берсін,
Завуч апай Рая өзіңіздің.
Көңіліміз дархан бір дала дерсің,
Сол далада іздері сөзіңіздің.
2 – жүргізуші: (Ильяс)
«Қарт пен бала әңгімесі» көрініс.
Қарт – Нұрсерік, бала – Әсет.
Баласы атасына сұрақ қояды.
Әсет: Ата, үйдің алтын қазығы кім ?
Нұрсерік: Балам, үйдің алтын қазығы – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың.
Нұрсерік: Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім екенін білесің бе ?
Әсет: жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке.
Нұрсерік: Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
Нұрсерік: Ал балам, өмір сүру үшін не қажет ?
Әсет: Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет
Нұрсерік: Жоқ балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, ананың ыстық мейірімі қажет. Осы есіңде болсын балам !
1 – жүргізуші: (Жанерке)
«Мен анама тілеймін !» әр оқушы өз анасына мерекелік тілек айтады.
Ендігі кезекті 4 «е» сыныбының оқушысы Құбашева Айжанның орындауындағы «Айгөлек» биін тамашалаңыздар.
2 – жүргізуші: (Ильяс)
Ендігі кезекті 4 «е» сынып оқушыларының орындауындағы әнді тамашалайық. Ш. Қалдаяқов. «Ана туралы жыр»
1 – жүргізуші: (Жанерке)
Бүгінгі біздің «Ана – өмір бастауы» атты тәрбие сағатымызға келгендеріңізге көп – көп рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар !