| Мотивациялық - қозғаушылық | Балаларды шеңберге тұрғызады, бір – біріне жылы лебіздерін айтқызады. | Балалар шеңберге тұрып, жақсы лебіздерін білдіреді. |
| Ұйымдастырушылық ізденіс | Тәрбиеші балаларға күнделікті өмірде аналарымыз ас бөлмеде пайдаланатын, өздері кезекші болған кезде тағатын алжапқыш туралы әңгімелейді, оның не үшін керек екенін сұрайды. Әртүрлі алжапқыштар болатынын айтады. Мен сендерге осы алжапқыш туралы тақпақ оқып беремін сендер мұқият тыңдаңдар. Тақпақ оқу Мен аспазшы боламын. Алжапқышты тағамын, Дәмді тағам пісіріп, Үлкен алғыс аламын. Сергіту сәті (саусақтар жаттығуы) Мынау менде басбармақ, Бар жұмысты бастамақ, Төрт досы бар өзінің, Кәне, кәне санайық, Санын біліп алайық. 1,2,3,4,5. Басбармақ, балан үйрек, ортан түйрек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек. - Ал балалар кішкене демалып алдық енді алжапқышты безердіріп көрейік. Сурет салу тәсілін түсіндіреді. Тәрбиеші балаларға алжапқыштың жиегін безендіруді ұсынады. Бәріміз бірге алжапқыштың шетіне толқынды сызықтар сызып, алжапқыштың жиегіне өрнектер салып, бояу жағамыз. | Балалар толық және нақты етіп жауап береді. Тақпақты тәрбиешімен бірге қайталап, жаттап алуға тырысады. Сергіту сәтін орындайды. Тәрбиешінің тәсілімен сурет салуды бастайды. Алжапқыштың шетіне толқынды немесе түзу сызықтармен сызып, білгілі бір әлеметті қайталау арқылы алжапқышты безендіреді. |
| Рефлекстік түзету | Тәрбиеші балалардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады. Балалардың жұмыстарын мадақтайды. | Балалар бір-бірінің, өздерінің безендірген алжапқыштарын, салған оюларын тамашалайды. Балалар алжапқыштарын кімге арнағандарын айтады. |