Алтын күз
« Ересек Бәйшешек тобы »
Жүргізуші:
Қуантып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз
Шақырамыз сіздерді дей отыра құрметті әріптестер ортаға кішкентай бүлдіршіндерімізді шақырамыз.Қарсы алыңыздар.
Дауыс:
Міне өлкемізге алуан түсті жапырақтармен тоқталып, билеп күз де жетті.Күздің келуін бәріміз де асыға күттік.Ал , күз бізге мол өнімдерін сыйға тартуда.
2. Би
Күзгі қайың биін тамашалаңыздар.
3. Жүргізуші:
Жарайсыңдар балалар.Қонақтар мен балалардың жүздерінен қуаныш пен шаттықтың ізін байқаймын.Күлім қағып тұрсыңдар өте тамаша.Ендеше кешімізді байқайық.Орындарыңа жайғасып отыра қойыңдар.Балалар орындарына отырады.
4. Сіздердің алдарыңызда өлең шумақтарын оқуға..... шақырамыз
Тақпақтар
4 бала шығып тақпақтарын айтады.
Жүзім:
Жұлып едім жүзімді,
Жүзі бірден үзілді.
Жүзінде жеп қойыппын,
Өзім әбден тойыппын.
Алма:
Бір тістеп өзін алғамды
Дәмі аузымда қалғанды.
Домалантып жеймін мен,
Күнде қызыл алмамды .
Қарбыз:
Күннің нұрлы шуағы,
Шұғыла боп шылады.
Шөлің әбден қанады,
Көзің шамдай жанады.
Тамылжыған шырыны,
Таңдайымда қалады.
Картоп:
Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз Азамат
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
5.Ән
Біздің балалардың орындауында « Күз тамаша »атты әнді қабыл алыңыздар.
Орындарына отырады.
6. Балалар назарларыңды маған аударындаршы
Күз деген не?
Күз- дегеніміз сарғайған жапырақ. ( жапырақтарды көрсетеді )
Күз - молшылық. ( жеміске толы себетті көрсетеді )
Күз – жауын шашын. ( жаңбырдың суретін көрсетеді )
Жүргізуші:
Балалар күз үнемі құбылмалы болады, кейде тіпті аспанды қара бұлттар торлап, қатты жел тұрады, жаңбыр жауады.
Күз,күз,күз кел жомарт күз кел !
Сыйлықтарды бізге бер балалар хормен айтады.(музыка .Күз және үш түрлі жапырақтар кіреді.Жапырақтар күздің шапанының етегін ұстап келеді.)
Күз: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Сары жапырақ:Біз сіздермен көңіл көтеру үшін тойға келдік.
Қызыл жапырақ:Сіздермен ән салып және мың бұралып билеу үшін келдік.
Қоңыр жапырақ: Сіздермен ойын сауық құру үшін келдік.
Такпак:
Қауын:
Жинап жатыр ауылым,
Сап-сары ала қауынын.
Алмақ едім үлкенін,
Ауырын-ай, ауырын.
Қияр:
Қызықтың ба қиярға,
Алда жей бер ұял ма.
Көтергенше берейін,
Қапшығыңа сияр ма?
Асқабақ:
Асқабақтың дәмі,
Таңдайымда әлі.
Кептірілген дәмі,
Таптырмайтын дәрі.
Қызанақ:
Қып-қызыл боп қалғанда,
Ауызыңа салғанда.
Не жетеді шіркін-ай,
Қызанаққа жалғанда.
Ән
Біздің балалардың орындауында « Күзгі әуен »атты әнді қабыл алыңыздар.
Орындарына отырады.
Күз:
Балалар мен сендерге әкелген ойыным бар еді, ойнасақ қалай қарайсыңдар.Балалар келіседі.
Ойынның аты «Алманы алмұртқа ауыстыр »менің себетіме салыңдар.Үш себет болады қолдарында.
Жүргізуші:Қызықты ойындарың үшін рахмет, ойынды жақсы ойнайды екенсіңдер,орындарыңа отыра қойыңдар.
Балалар орындарына отырады.
(әуен.күзгі сырқат ұшып келеді.)
Күзгі сырқат:Мұнда кімдер ойнап жүр?
Жүргізуші:Кішкентай балалар ойнап жүрғой
Күзгі сырқат:Рас па, сендер сырқаттана аласыңдар ма?
Балалар: жоқ.
Күзгі сырқат:Алғашқы күзгі жаңбыр жауған кезде , мен жылай бастаймын, ал жапырақтар түсе бастаған кезде , барлық ренжіштерім мен мұңдарымды есіме түсіре бастаймын.Осы мезгілді ұнатпаймын.Ал, сендер неге көңілдісіңдер?Неге жүздерің жадырап тұр.Седерге күзгі сырқат жетпей қалды ма?
Жүргізуші:Біз денімізіді шынықтырамыз, дұрыс тамақтанамыз, жемістер мен көкөністерді көп жейміз, дәруменге толы көп шырындар ішеміз,осылардың бәрін жайдарлы жаз бен жомарт күз тарту етеді.Сондықтан да көңілді балаларды ешқашан ешқандай сырқат алмайды.
Күзгі сырқат:Рас па, жарайсыңдар.
Жүргізуші: Қане балалар, күзгі сырқатқа арнап би билеп берейік.
Би.
Күзгі сырқат:Рахмет сендерге балалар, сендерге келіп бір көңілім көтеріліп қалды, ал саған күз мына сыйқырлаған бөкебайды сыйға тартамын.
Күз:Әрине, сыйлығың үшін көп рахмет.
Күзгі сырқат:Енді мен кетейін, сау болыңдар.( күзгі сырқат шығып кетеді)
Күз:балалар сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме?
Балалар:иа
Күз балаларға көкөніс пен жемістер туралы жұмбақтар жасырады.(күздің көңіл күйі түсіп, басы ауырып, сырқаттана бастайды)
Күз: маған не болды?Ешқашан мұндай күйге түспеген едім.
Жүргізуші:Күз сіз жыламаңыз.Мүмкін сіз қатты шаршаған шығарсыз, біз сізге көмектесеміз, балалар күзге көмектесеміз бе?
Балалар:Ия көмектесеміз.
Жүргізуші:Бірақ балалар біз күзге қалай көмектесеміз.?( ойланып тұрады)
Таптым ,сені ақылды жапалақ дәрігерге көрсету керек.
(жапалақты шақырады)
Дәрігер жапалақ:Амансыңдар ма балалар?Мені неге шақырдыңдар,сырқаттанып қалған жоқсыңдар ма?
Күз: Менің басым ауырып сырқаттанып қалдым неге екенін білмеймін?
Дәрігер жапалақ: Мммм.Жұқпалы аурумен аурыған жандармен араласақан жоқсың ба? Қатты сырқаттанып қалыпсыңғой.
Күз:Білмеймін есімде жоқ.
Жүргізуші:Әрине , әрине бүгін бізге сырқат жолыққан еді.
Дәрігер жапалақ:Сырқат сендерге бір нәрсе берді ме?
Жүргізуші:Бөкебай сыйлады.
Дәрігер жапалақ:Ендеше бүкіл ауру мына бөкебайда жасырынып тұр.Мына ағашқа іліп қой.Бөкебайды жел қағып тазартсын.
(бөкебайды ағашқа іледі.)
Күз:Желді көтеру үшін күшім жетпейді.Сырқат тым әлсіретіп жібереді.
Дәрігер жапалақ:Ия, жел баяу есіп тұр.Қане балалар, күзге көмектесіп жіберейік, тілектер тілеп, бөкебайды қатты үрлеп жіберейік.
Дәрігер жапалақ: балалармен би бмлеп береді
Күз:Тамаша, мен сауығып кеттім күннің көзі де маған күлімдеп қарайды, керемет айнала қандай ,ажап күйге енді.
Жүргізуші: Әрине, мына көгілдір аспан да тамаша.мына алтын түсті жапырақтар да керемет.Мына күзгі өнімдер де ғажап.
Күз: Балалар, менің сендерге арнап әзірлеп қойған дәрумені мол әрі тәтті сыйлықтарым бар еді, қабыл алыңдар.( балаларға жеміс таратады)
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық,, қош сауболыңдар, балалар!
Жүргізуші: ҚОШТАСАДЫ.
Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім
бөлімінің №5 бөбекжай-бақшасы» МКҚК
Алтын күз
Ересек Бәйшешек тобы
Тәрбиешілер:Баксимова Л.К
Кульшманова М.К
Қостанай қаласы 2018 ж