СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Алтын күз- қош келдің!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Алтын күз" балабақша балаларына арналған мерекелік іс-шара, қимылды ойындар әрі көңілді кейіпкерлер қатысуы.

Просмотр содержимого документа
«"Алтын күз- қош келдің!"»

«Алтын күз» ертеңгілігі

Музыка әуенімен;тәрбиеші балалармен залға кіреді. Тәрбиеші: Тілегім аман болсын ел іргесі Алтын күз қайта келді ел ырысы, Молшылықтың жаршысы бола білді, Алтын күз - ырыс береке ала келді

Салеметсіздер ме қадірлі қонақтар. Бәрімізге күз мерекесі құтты болсын, денсаулықтарыңыз мықты, еліміз тыныш, ақ дастарқандарыңыздан береке, байлық, молшылық кетпесін. « Күз-байлық, күз- молшылық» атты ертеңгілігімзді бастаймыз.

Тақпақ оқу.

Қуаныштың ағайын Асанәлі Алтын нұрдай тамшылап, Арслан Коңырауын қағайын, Жапырақтар төгілді. Қуандырып біздерді, Біздің өмір таң шуақ, Өлкемізге күз келді Біздің өмір көңілді.

Айнала сары ала Жанерке Ендеше не тұрыс Ерназар Қырманға дән толыпты Болмасын жан калыс Жемістер пісіпті, Тойлайық, күлейік Қоймаға түсіпті. Ән айтып, билейік.

Тәрбиеші: Балалардың орындауында әсем ән . Ән: «Күзгі әуен» Тәрбиеші: Балалар, кім маған күз айларын атап береді? - Қыркүйек, қазан, қараша. -Жақсы ендеше балалар бұл айларды ортаға шақырайық...

Қыркүйек болып киінген бала Нұржан Менің атым қыркүйек күздің бірінші айымын,байлықтың,барлықтың,айымын. Күн ғой бір, ең тәуір, Бірінші қыркүйек Қоңырау соғылды, Күміс күй төгілді, Білуге талпынған, Балалар жйылды.

Қазан болып киінген бала. Раяна Қараша болып киінген бала. М.Аслан Қазан айы болғанда Қараша айы мен болам Қамбаға астық толғанда. Бар өмірдің белесі . Сары даланы сәндетіп, Адамзатқа бақ берген, Думандатам әндетіп. Он екі айдың төресі.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар қонақтар балалар,күздің мерекелік күндерін бізге тамаша жеткіздіңдер, енді төрге шығып мерекеміздің қонағы болыңыздар, төрлетіңіздер.

Қарсы алайық бәріміз Үлкеніміз кәріміз. Қырдан кепті қыдырып, Алтын күзде нұр төгіп.

(Күз келеді) Тәрбиеші: Қош келдің Алтын күз, өзіңмен бірге береке – байлық, молшылық ала келдің, оған біз өте қуаныштымыз.

Алтын күз: Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен күз патшайымы боламын. Сендерге алыс жерлерден келдім. Мені күз патшасы жіберді.

Береке бақ дарыған Жомарт көңіл жарқын жаз . Сары алтынға малынған, Алтын күз деген мен болам.

Алтын күз: Балалар, мен сендерге арнап сыйлық әкелдім, ол мына себетте. Сендер әсем ән, тақпақ, тамаша би билеп менің көңіл-күйімді көтерсеңдер, осы себетті сыйлаймын.

Тәрбиеші: Иә, Алтын күз, біздің сүйкімді балалардың өнерлерін тамашалаңыз.

Жайсаң жаз өтті, күз келді Жасмин Астық, жеміс жиылды Замира Сарғайтты бақты даланы. Қамбамызға құйылды . Құстар қайтып ән салып, Ардақты күз мың алғыс, Бұлт торлады даланы. Алдық өнім сыйыңды. Біздің дала бай дала , Диас Алтын астық айнала. Астық дала сәулеті, Астық –Отан дәулеті.

Тәрбиеші: Алтын күз біздің балалар тамаша ән біледі кәне тыңдап көрейік.

Хорвод: « Осень милая шуршит»

Күз: Жарайсыңдар балалар, күзгі орманда да көп жапырақтар шашылып жатыр, сендер жапырақтарды жинауға көмектесесіңдер ме? Балалар: Иа, көмектесеміз.

Ойын: «Жапырақты түстермен жинау»

Ағаштардан жамырап Сулейман

Ұшты кенет жапырақ

Ой алақай, тамаша

Шашу шашты жапырақ.

Қыстың жақын қалғанын, Айым

Жапырақтар сезгендей.

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей.


Тәрбиеші:Қыздардың орындауында :

Би: «Жапырақтар»



Тәрбиеші:Алтын күз , біздің балалар күз мезгілінде не болатынын тақпақ арқылы білдіреді.

Думан толы асқарлы, Санжар Күз мезгілі басталды. Күз әуені кеп жетті, Әнге бөлеп жастарды

Ой алақай тамаша. Альмира

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Аунар ма еді жатып ап.


Тоңазып атырап Дастан

Көп жеміс піседі

Сарғайып жапырақ

Сылдырап түседі.

Жапырақтар жамырап, Амира

Сайға барып бекінді.

Анасынан ажырап,

Қалған бала секілді.


Көк майсалы көрікті Амир

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Сырылдатады шәйнегін,

Ұнатса да жұрт мейлі.

Тереземізідң әйнегін. Жуады.

Бірақ сүртпейді. Жаңбыр

Олай болса , балалардың орындауында тамаша ән. Ән: « Жаңбыр»

Тәрбиеші:Балалар, күзде тынымсыз еңбек басталатынын білесіздер.Егін ору. Бау-бақша жеміс-жидектері бізге қонаққа келіп тұр, кәне қарсы алайық.

Жүзім. Аделя Мені бәрі жүзім дер
Бір - бірлеп дәмдеп үзіп жер
Қызықтырам көркіммен
Қатар - қатар тізілген
Шие. Назым Алма: Мадина Мен шиемін, шиемін Мен алмамын, алмамын
Күннің көзін сүйемін Таңдандырар бар дәмімім
Қажеттімін адамға Пісіп толдым мінекей
Оны жақсы білемін! Сыйлаймын қуат жегенге!
Тәрбиеші: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін.

Мақтанбақшы сіздерге көкөністер сан түрлі.

(Ортаға көкөністер шығып тақпақтарын оқиды)

Қияр: Ерасыл Дәмім тілді үйірген Мен тұздалған күйімде! Жаңа піскен кезімде Жейді бәрі сүйсіне.

Қызылша: Амина
Мен де бір сөз айтайын Мақтанайын сіздерге Менсіз борщ болмайды Винегретте үстелде
Орамжапырақ: А Аслан Мақтанғаннан не пайда Менсіз дәмді щи қайда Мені қосса самсаға, Бәрі жейді тамсана.

Қызанақ: Мадияр Менің атым - қызанақ
Тұзды сеуіп молырақ
Банкілерге салыңыз
Аузын мықтап жабыңыз
Тағамға дәм қосамын
Қыста тәбет ашамын

Сәбіз: Асқар

Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды

Қоянға да азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз!

Ойын: «Көкөністер мен жемістер».

Тәрбиеші: Мәне, Алтын күз біздің балалар көкөніс, жемістердіде ажырата біледі.

Алтын күз: Бәрекелді, жарайсыңдар балалар. Сендер өте тату екенсіңдер.

Тәрбиеші: Иа, бәріміз бірігіп жеміс жидектерді де жинадық. Балалардың орындауында :

Би: «Достық»

Алтын күз: Тамаша, мен туралы көп біледі екенсіңдер. Ал мен себеттімді ашайын, қараңдаршы ішінде көп жемістер бар. Топқа барғасын бөлісіп жейсіңдер.Енді мен сендермен қоштасайын. Сау болыңдар .

Тәрбиеші: Жоқ Алтын күз жүріңіз біздің қонағымыз болыңыз. әкелген сыйлығыңа көп-көп рақмет.

Құрметті балалар, ата-аналар, қонақтар!

Күз айының әкелген көп базарлығы ақ дастарқандарыңыздан кетпесін,нанымыз, жырымыз көп болсын. Әр отбасына құтбереке әкелсін. Келгендеріңізге көп рақмет. Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар.