Ересек «Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тәрбиеші:Оразова Г.
Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Тұңғыш Президент»
Мақсаты:
Тәрбиелеу: Еліміздің Тұңғыш Президенті, Нұр ағамыздың құдіретті тұлға екенін жас ұрпаққа таныту.Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың өз Отаны туралы білімін кеңейту.
Үйрету:Отанымызды,туған жерімізді сүюге.еліміздің рәміздерін құрметеуге тәрбиелеу. Сөздік қорын дамыту.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап
Ресурстармен қамтамасыз ету: Елбасы,рәміздер суреттері, «Астана және біздің Президентіміз» презентация,Қазақстан картасы
Билингвальдық компонент: Мемлекеттік Туы –Государственный Флаг
Мемлекеттік Елтанбасы – Государственный Герб
Рәміздер – Символы
Ұйымдастырған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең:
Балаларды жартылай шеңберге тұрғызып:
Армысын көк аспан,
Армысын жер ана.
Армысын жан досым
Жылуыма жылу қосқан
Қонақтармен амандасу: Үлкендерге
бас иіп салем береді
Қимыл жасау
Негізгі бөлім:
Балалар бүгінгі оқу-іс әрекетіміз,Тұнғыш – Президент күніні арналады.Сабақты ән ұранмен бастайық
Ән ұран
(балалар орындарына отырады)
Тәрбиеші:
-Балалар біздің ұлтымыз кім?
-Біз қай тілде сөйлейміз?
-Біз қай Республикада тұрамыз?
-Біздің елбасшымыз кім?
Дұрыс-ақ, біздің Республикамыз Қазақстан деп аталады.
Біздер 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті,онда Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды..
Балалар экранға назар аударайықшы.
-Балалар бұл кім?
өте дұрыс бұл кісі біздің елбасшымыз бәрімізге ортақ атамыз.Нұрсұлтан Назарбаев ол да сендердей кішкентай болды. Ата-анасының айтқанын тыңдап, мектепте сабақты жақсы оқып,осындай үлкен жетістікке қол жеткізді. Егерде сендерде тәртіпті болып сабақтарыңызды жақсы оқысаңыздар сендерде Н.Ә.Назарбаевтай бола аласыңдар. Нүрсұлтан атамызға қандай өлен сөздерін айтар едіңдер?
Алижан:
Сөзбен өрнек өрнейін.
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқан, Ұлы Отан.
Басқарған аға Нұрсұлтан!
Інжы. Е.
Елбасымыз Нұр аға
Салғызып Алтын орда.
Көркейтіп елін қазақтың,
Көрсетпей өмір азабын
-Балалар мына сурет таныспа ?
-Балалар мынау не?
- МемлекеттікТу, түсі қандай? Ненің бейнесін көріп тұрсыңдар.Сабына бекітілген тұста нені көріп тұрсындар?
Көгілдір түс бейбітшілік белгісі.Тудын ортасында жарқырап шықан күн.Күннің астында қалықтап үшқан қыран құс бейнеленген.Дала құсы – дарқандық пен биік самғау белгісі.Өрнек қазақ халқынын салт – дәстүрін,мәдиниетін және ұлттық өнерін білдіреді.Күн,қыран құс,ою – өрнек алтын түспен берілген.Алтын түс – молшылық белгісі.Туды өлен жолдарынмен қалай бейнелер едіңдер?
А.Інжу: Туымызға көгілдір
Бір қарамай өтпейміз
Сол көктудың астында
Көгереміз көктейміз.
Билингвальдық компонент: Мемлекеттік Туы –Государственный Флаг
Мемлекеттік Елтанбасы – Государственный Герб
Рәміздер - Символы
–Иә,өте дұрыс айттыңдар
Тәрбиеші:-Балалар шаңырақ бірлікті,татулықты білдіреді,қанатты тұлпар қажымас қайраттың,жеңіске деген жасымас жігердің белгісі. Ал бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі, жол нұсқайтын жарық жұлдызы.Төменгі жағында «Қазақстан»деген жазуы бар
-Кім Елтанба туралы тақпақ біліді?.
Эмир: Елтаңбасы елімнің
Неткен айбат әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әдемі.
СЕРГІТУ СӘТІ:
Күн болып жанайық,
Мөлдір су болып ағайық.
Гүл болып ашылайық,
Терең,терең тыныс алып
Біз демалып алайық
«Туған жерді гүлдендір»ойыны.
(Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып,әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады)
–Балалар,Туған жерді гүлдендірер ұл-қызы міне,сендерсіңдер
Қорытынды:Біз бүгін кім туралы әңгімелестік?
-Елбасымыздың аты жөні кім?
- Бас қаламыз қай қала?
Просмотр содержимого документа
«Алтын дәнді дақыл»
Ортаңғы«Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 1.10.2018 ж
Тәрбиеші:Жалгасбаева Г.Т
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Пән:Көркем әдебиет
Өтпелі тақырып: «Ас атасы нан»
Тақырыбы:Алтын дән К.Ахметова
Мақсаты:
-Тәрбиелік: Ертегі кейіпкерлеріне ене отырып жанашырлыққа тәрбиелеу.
-Дамытушылық: Ауызша халық шығармашылығы туындысына деген қайырымдылық сезімін дамыту.
-Оқыту: Кейіпкерлердің тәртіптеріне қарапайым мінездеме беруге үйрету.
Педагогикалық технологиялар:дамыту
Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер
Билингвалдық компонент:алтын дән золотое зерно
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тәрбиешімен бірге шеңбер бойына тұрып,төмендегі өлең жолдарын орындайды.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Достың мейрін салайық,
Жүрек жылуын салайық
Осы жақсы лебіздерді,
Бір бірімізге сыйлайық.
II. Негізгі бөлім:
1.Кіріспе әңгіме:Ал енді,балалар,бәріміз орнымызға жайғасып отырайық.Бүгін біз ақын Күләш Ахметованың «Алтын дән»өлеңін мәнерлеп оқып оның мазмұнын ашатын бірнеше сұрақтарға жауап беруге тырысайық.
Өлеңді мәнерлеп оқу:
Жатыр дала жалтылдап,
Жаз шуағын мол құйды.
Күн астында алтын дән
Тербеледі,толқиды.
Толықсыған тасқындай
Көкжиектен ұштасып,
Күн астында ақ бидай
Билейді қол ұстасып.
(суреттерін көрсету)
2.Сұрақ жауап арқылы әңгімелеу.
Осы оқылған өлең шумағында не жайлы айтылған?
Өлеңнің авторы кім?
Сендерге өлеі ұнады ма?
«Алтын дән»дегенді қалай түсінесіңдер?
Сергіту сәті:
Кел,балақан,балақан,
Шапалақта алақан.
Жай,жай,жай.
Қозғап барлық денені,
Қаттырақ соқ қолды енді,
Сарт,сарт,сарт,
Айтқан кезде өлеңді
Ақырын бас еденді
Жай,жай,жай.
Өлеңді қайталап,мәнерлеп оқу,жаттап алу.
Қорытынды:
Қазақтың нақыл сөздері арқылы оқу қызметін аяқтау.
Ас атасы нан
Нан болса ән де болады.
Ортаңғы«Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 2.10.2018 ж
Тәрбиеші: Фаткуллина К.С.
Білім беру саласы: «Таным»
Пән:ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: «Ас атасы нан»
Тақырыбы:Енді енсіз
Мақсаты:
-Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу
-Дамытушылық: Бірдей және әртүрлі енді заттардың ұқсастығын және айырмашылығын таба алу дағдыларын қалыптастыру.
-Оқыту: Балаларды заттың енін салыстыруға үйрету. 2-ге дейін санауды бекіту және заттардың санын сан белгісімен белгілеу.
Педагогикалық технологиялар:дамыту
Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер,үлестірмелі материалдар
Билингвалдық компонент:салыстыру сравнивать
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Кьюзенер таяқшалар мен жұмыс, балалар салыстырып сипаттайды.( Тақтайшалардың қалың – жұқа екенің салыстырды.)
II. Негізгі бөлім:
Балаларға тақырып бойынша суреттер ұсыну.
Суретпен жұмыс жүргізу.
Жуан-жіңішке,
қалың-жұқа,
ұғымдар жайында
жуан-ағаш;
жіңішке-ағаш;
қалың-кітап;
жұқа-кітап; суреттерімен жұмыс жасау.Түсініктерін арттыру үшін
Ойын: «Орнын тап».
Әрбағытта әртүрлі тапсырмаларды орындау. Заттардың жуан, қалың екендерін салыстыру.
Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Бес саусақға бес саусақ,
Болады ғой оң саусақ.
Үлестірмелі материалмен балалар жұмыс жасайды.
(Балалардан жеке жеке сұрау)
Қорытынды:
Д\О«Сиқырлы дорба»Ішіндегі заттардың айырмашылықтарын айту.
Балаларды сабаққа жақсы қатысқандары үшін мадақтап өту.