СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ақпараттық хат хаттама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата - аналар жиналысының хаттамасы, ақпараттық хат

Просмотр содержимого документа
«Ақпараттық хат хаттама»

ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ


Ақпараттық хат

10 «А» сыныбының ата - анасы!


Сіздердің назарларыңызға берілген хабарлама парағымен танысуыңызды сұранамыз!

ҚР Әкімшілік Кодексінің 127-бап. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы

  1. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы –

жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет

–жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

    1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
    2. 442-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы
  1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы

–заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы

– заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер

– заңды өкілдеріне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР қылмыстық кодексінің 293 – бабының бірінші бөлігінде көзделген, он төрттен он алтыға дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық – ата – анасына немесе оларды алмастыратын адамға жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл әкеп соғады. Кез келген мақсатпен мектеп территориясына қару, жарылғыш заттар, газ баллон, өткір немесе кескіш заттар, алкогольдік сусындар, есірткі, улы заттар әкелуге болмайды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 10 – бабы. Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде:

2) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар, қоғамға қарсы іс – әрекеттер жасауға тартатын не балаларға қатысты басқа да құқыққа қарсы іс – әрекеттер жасайтын адамдарды, сондай – ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және бағып күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын, не олардың мінез - құлқына теріс әрекет ететін кәмелетке толмағандардың ата – аналары мен заңды өкілдерін анықтайды және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту жөнінде шерелер қолданады;

15 – бап. Кәмелетке толмағандарды құқықтық жауапкершілікке тарту.

Құқықтық жауапкершілікке ауыр немесе аса ауыр (кісі өлімі, бопсалау, ұрлық, тонау, қарақшылық) қылмыс жасаған 14 – 16 жастағы жасөспірімдер тартылады.

Облыстық ішкі істер департаментінің деректері бойынша ұялы телефондарды, планшеттерді (iPad) және басқа да бағалы заттарды ұлдау оқиғалары көбейгендіктен мектептердің ішкі тәртіп ережелеріне ұялы телефондарды мектепке алып келуге тыйым салу жөнінде тармақшасын енгізу туралы «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ 05.11.2003 жылғы №2330 хатының негізінде Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің әкімшілігі Сіздердің назарларыңызға ұялы телефондарды, планшеттерді және басқа да бағалы заттарды мектепке алып келуге тыйым салынатындығы туралы хабарлайды.

Біз, төмендегі қол қоюшылар, ата – аналар және оларды алмастырушы заңды өкілдер, балаларымыздың сабақтан тыс және демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына ҚР Заңнамаларына сәйкес жауап береміз деп міндет аламыз.


№

Ата – ананың аты - жөні

Қолы

1

Айнақожа Айгүл


2

Секеев Батырбек, Секе Қалдыкүл


3

Сағымбеков Болат, Максимова Жұлдыз


4

Анлауысов Мұрат, Анлауысова Ифар


5

Кулетов Болат, Базарбекова Ұлжалғас


6

Шоқалақов Аян, Шоқалақова Раушан


7

Олжабаев Айбол, Қаратаева Мадина


8

Сариев Бауыржан, Джаманбалаева Мөлдір


9

Жатқанбаев Шалқар, Жатқанбаева Ажар


10

Шомақов Бақыт, Төлендиева Ақсұлу


11

Оразбаев Мейірлан, Оразбаева Нұржамал


12

Мурадов Жанше


13

Күребаев Есберген, Бозайбаева Салтанат


14

Халилов Ильгар, Халилова Светлана






Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары: _______________ Б.М.Райымбеков

02.09.2017 жыл



Сынып жетекшісі: ___________ Құдайбергенова Н.А.