СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ақпараттар үлгісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Демалыс кезіндегі ұйымдастырылған іс-шараларға ақпарат жазу үлгісі

Просмотр содержимого документа
«Ақпараттар үлгісі»

2015 жылғы күзгі демалыстың өткізілуі туралы ақпарат


Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру, шығармашылық талаптарын дамыту, азаматтық айқындаманы қалыптастыру, жалпы мәдениетті, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында іс-шаралар келесі мақсатта өткізілді:

  • оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру;

  • баланың тұлға ретінде жан-жақты дамыту;

  • балалар мен жасөспірімдерді 100% шығармашылық және спортпен қамту.

Оқу-тәрбие үрдісінің тәрбие компонентін күшейту үшін келесі бағыттар белгіленді:
1. Экскурсиялар, театрлар.
Күзгі демалыс кезінде сынып оқушылары мен Балқаш қаласының мұражайына, «Ұлы ерлік ұрпаққа өнеге» атты тақырыпта жауынгерлерге арналған ескерткіштер мен монументтерге саяхат ұйымдастырылды. 06.11.2015 ж. Күні сынып жетекшінің ұйымдастыруымен 1 «Ә» сыныбы қалалық мұражайға барды. Мұражайға барған оқушылар көптеген мәлімет алып, үлкен әсер алды. Саяхат соңында оқушылар мұражай қызметкерлерімен естелік суретке түсті. 10.11.2015 күні қаладағы жауынгерлерге арналған ескерткіштер мен монументтерге саяхат жасалды. Яғни, тәуелсіздік алаңындағы Ағыбай батыр ескерткіші, саяси репрессия құрбандарына арналған ескерткіш монумент. Сынып жетекші жауынгерлердің ерлігі туралы қысқаша айтып өтті.


2. Спорттық іс-шаралар.
Салауатты өмір салтын насихаттау күзгі демалыс уақытында да мәнін жоғалтқан емес. Мектепте сыныппен келесі іс-шара өткізілді: «Ойын алаңқайына» көңілді саяхат. 05.11.2015 күні сынып жетекшінің жетекшілігімен сынып оқушылары арасында әр түрлі қимыл-қозғалысты дамытуға арналған («Жануарлар», «Жапалақ», «Тышқан мен мысық») ойындар ойнатылды.

3.Шығармашылық іс-шаралар.
Балалардың каникул кезіндегі бос уақыты мен демалысы шығармашылық іс-әрекетті дамытуға бағытталып, келесі іс-шаралар өткізілді: «Достар арасында» ойын-сауыққа бару, «Ертегі айтам» брейн-ринг ойын.

Күзгі демалыстың алғашқы күні 4 қараша бастауыш сынып оқушылары Балқаш қаласының оқушылар сарайында ұйымдастырылған «Достар арасында» атты ойын-сауық кешіне барды. Оқушылар сарайының бүлдіршіндерінің әдемі билері биленіп, әр түрлі қызықты ойындар ойнатылды. Кештің соңында дискотека болды. Оқушылар жақсы көңіл күймен, жақсы әсер алып қайтты. Ал күзгі демалыстың соңғы 11.11.2015 күні сыныпты екі топты бөлу арқылы «Ертегі айтам» брейн-ринг ойын сабағы жүргізілді. Оқушылар ертегі туралы жаңа мағлұмат алып, білімдерімен бөлісті.


4. Басқа іс-шаралар.
07.11.2015 күні оқушылар Балқаш қаласында жаңадан ашылған Әлем-CINEMA кинотеатрына барды. Кинотеатрдан «Монстры на каникулах-2» атты комедия жанрындағы мультфильмді тамашалап, жақсы әсер алды.


Күзгі каникул уақытында барлық өткізілген іс-шаралар сынып ұжымының бірлігіне, эстетикалық және коммуникативті қабілеттің дамуына, танымдық және шығармашылық іс-әрекетке бағытталды.