«Аяулы менің анашым»
Әуенмен балалардың қолдарында шарлар бар залға кіріп жартылый шеңбер құрып тұрады.
Жүргізуші: Армысыздар аяулы аналар!
Армысыздар мейірімді әжелер!
Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Аяулы аналар,ардақты әжелер, сүйкімді қыздарбарша қонақтар сіздерді ақбөпе тобының бүлдіршіндері көктемнің бірінші мерекесі 8-наурыз мересімен құттықтаймыз!
Құрметтейік балалар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды.-деп
Бүлдіршіндердің аналарына арналған әсем әндерін қабыл алыныздар.
Ән: «Анашым»
Тақпақтар: Аналарға арналған.
Б.Ералы
Мәпелеп мені өсірген,
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
Зере. Азиз
Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім.
Қартаймашы анашым
Нұрислам Аяжан
Теңдесі жоқ данасың,
Арқа сүйер панасың,
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым.
Жасмин ,Гүлнұр Сыйлайыншы гүлімді
Теріп алған даладан
Мейрамыныз бүгінгі
Құтты болсын ана жан
Ө.Ерасыл
Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған.
Құтты болсын жан анам,
Айналайын жан анам
Аян, Нұртас Айтқаныңды тындаймын
Үлкендерді сыйлаймын
Анашымды құрметтеп
Өлеңімді жолдаймын.
Жүргізуші:Балалар бізге аналармен бірге бір қонақ келе жатқан сияқты
Көктем келеді: Сәлеметсіндер ме, балалар! Көңіл-күйлерін қалай?
Тамаша!
Балалар мен сендерге күннің шуағын алып келдім, қыстың суығымен қарлы боранды
алысқа қудым.
Ал өзімен бірге жарқырыған күннің нұрын, жылуын және нәзік жандылыр мерекесін ала келдім.
Сендерге келуге асықтым.
Жүргізуші:Көктем келді, көктем келді.
Көктем жетті шуағын шашып
Көктем көп рахмет сізгебіздің балалардың сізге арнаған өлең жолдарын қабыл алыныз,
Тақпақтар: (көктемге арналған)
Нұрасыл ,Д.ЕралыАйналайын анашым
ақылдысын панасын
Ең сұлу жан әлемде
жалғыз өзін ғанасын
Досымжан,АружанЕркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білбейтін
Мандайымнан иіскеп мені
Құлыншағым күнім дейтін
Інжу. Сартай
Құттықтаймын гүл беріп
Өзімнің туған анама
Адамдар ұл қыз болып
Аналардан жаралған.
Қ.Ерасыл , Нұрғиса.
Ақ сүт берген балаңа,
Күш-жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған.
Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз. Сүйікті аналар балалар сіздерге арнап би билейді.
Би: «Джентельмендер биі»
Көктем:Балалар сендер өнерлі екенсіндер. Балалар сендер аналарынға көмектесесіндерме?
Балалар: Иә.
Көктем:Әлемдегі барлық жандардын аналары бар. Аңның да құстың да балықтардың да,
сендерде де бәрінде, бәрінде құрметті ардақты да аяулы.....
Балалар: Аналар
Көктем: дұрыс айтасындар әр баланың өз анасы бар
Балапандардың ше? Тауық
Көктем:Балалар олай болса аналарымызға арнап «кішкентай мысықтармен балапандар» туралы
әңгіме айтып беремізбе?
Балалар: Иә айтып берейік.
Көктем: Орманың шетінде үй тұр екен, онда тауық балапандармен ортаға шығады.
(Музыкамен тауық кіреді)
Тауық:Кәне менің балапандарым қайдасындар? Шеп-шеп балапандарым келіңдер, келіңдер маған қарай жақындандар, тығылыспақ ойнағанды жақсы көреді өздері, ешқашан таппайсын.
Балапандар: (Аналарын құшақтайды.)
Біз сап- сары балапандармыз,
Күні бойы ойнаймыз,
Ойынға еш тоймаймыз.
Би: «Балапандар биі»
Жүргізуші:Асқар тау,биігіміз сенсің- әже
Жүрегің теңіздей кеңсің- әже
Ұл қызың армансыз болар еді
Мәңгілік сен бізбен бірге күлсең- әже –
деп келесі құтықтау ардақды біздің әжелерімізге арналады
Тақпақтар. ( Әжелерге арналған)
Гаухар Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін
Дария ,Алтынгүл
Әже біздің күніміз
Аялаған анамыз
Әже біздің нұрымыз
Саялаған панамыз.
Жанабиль
Менің әжем ,гүл әжем,
Алтын әжем,күн әжем
Анам үшін мен үшін,
Нағыз ана тілі әжем
Ән: «Менің әжем»қыздардың орындауында
Жүргізуші:Құрметті ата-аналар сіздерменден ойын ойынайтын сәт келген сияқты.
Ойын: «шарды адам бейнесіне келтіру»
Жүргізуші:Баурап алар бірақ ауыз сәлемі,
Қазақ қызы әдепті де әдемі.
Қазақ қызы –ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі -деп келесі құттықтаулар сүйкімді ару қыздарымызға арналады.
Тақпақтар: Қыздарға арналғанқұтыққтаулар
Ермахан. Мен анамды сүйемін,
Сөзіңді ойға түйемін
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.
Медет. Әлібек
Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз,
Аналардан тарайды,
Біздің ана тіліміз.
Жүргізуші: Қыздар тобы « Қуыршақтар» биі
Кұрметті аналар әжелер балалардың өзі қолмен жасаған сыйлықтарын қабыл алыныздар.