СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Аяулы алтын күз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күз мезгілі туралы мақала.Балабақшадағы мерекелік іс шараның өтілу барысы.

Просмотр содержимого документа
«Аяулы алтын күз»

Күздің кереметі!

Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мысалы қыс - мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен көрікті болса, ал көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт-түлікте төлдеп тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге төсеп дала біткенді суға жүгіртіп, қарынын үзілген жеміске тойдырған жаз да бар.
Соның ішінде орыны бөлек, жанымызға жақын - күз мезгілі. Иә, көне шаһар төріне өзінің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.

Осыған орай «Жұпар» балабақшасында «Ертөстік» тобының тәрбиеленушілерімен «Аяулы алтын күз» атты мерекелік ертеңгілік өтті.Ертеңгілік барысында кішкентай бүлдіршіндер сахналық қойылымдар сахналап, күз мезгілі туралы өлең шумақтарын айтып,би билеп , ән салып өз өнерлерін көрсетті.Ата-аналар мен балалар күзгі жемістерден, түсті қағаздан,ермексаздан түрлі подделкалар жасап әр бала өздерінің жасаған жұмыстарын таныстырып ,сөз байлықтарын арттыра түсті.

Күз мезгілі молшылықтың, байлықтың , берекенің мезгілі болып саналады.

МКҚК «Жұпар» балабақшасы

Тәрбиеші:Немзорова Светлана