СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Абайдың қара сөзінен

Нажмите, чтобы узнать подробности

4 сыныпқа арналған сабақ жоспары Абай- дана, Абай-дара

Просмотр содержимого документа
«Абайдың қара сөзінен»

Абайдың қара сөзінен

Ана тілі

4-сынып

Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы селосы

М.Горький атындағы мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Байкенова Мөлдір Болатқызы


Мақсаты: 1. Оқушыларға қазақтың топ ою-өрнек тарихи сыры мен оны

дамытушы шеберлердің маңызын аша түсу.

2. Рухани-эстетикалық талғамдарын, зейіндерін дамыту.

3. Балаларды еңбексүйгіштікке, әсемдікке талпындырып, қазақтың

мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сызба, Абай кітап көрмесі, интерактивті тақта

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау


Барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеп отырғызу.

Ұранмен таныстыру; Оқусыз білім жоқ

Білімсіз күнін жоқ

ІІ. Өтілген материал бойынша жұмыс

Бөлімді қайталау

Тест (10 минут)

ІІІ. Жана сабак.

Балалар бүгін біз сендермен ,Әдептілік ар-ұят.адамдыктың белгісі деген тарауды бастаймыз.

Әдептілік, ар -ұят дегенді қалай түсінесіндер?

Әдепті бала қандай болуы керек?

(Окушылардың жауабы)

Әдепті Әдепсіз

Жаман, бұзық, үлкенді сыйламайды.

Жақсы,кішіпейіл, мейірімді, үлкенді сыйлайды.







Ендеше, әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені. Бұл жолы біз бұл тарауда адамдык, инабаттылык, ізеттілік, жайында әнгімелейтін боламыз.

Балалар, Абай кім?

Абай қай жылы, қай жерде дүниеге келген ?

1.окушы.

А.Кұнанбаев ұлттық мәдениетіміз бен тарихымыздағы өшпес ерекше тұлға. Абайдың сөздері қыр сыры мол дүние.

Абай 1845ж туылып,1904ж ұлу жылында 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс тауында дүнеден қайтқан. Шын аты Ибраһим болса да, әжесі Зеренің еркелетіп қойған «Абай» деген есімімен аталып кеткен.

2. оқушы.

Оның қаламы қазақтың ән сазын байытқан «Желсіз түнде жарық ай» «Айттым салем,Қаламқас» « Көзімнің қарасы» т.б. тамаша әндері бар. Абай өзі ән салып домбыра шерткен. Балалары Ақылбай, Әбіш, әйелі Айгерім әндерің тындаушылары ғана емес, орындаушы, таратушылары болған.

3.оқушы.

Бүгінгі күні Абайдың атымен көшелер, аудан- ауылдар, мектептер, мұражайлар, кітап, журналдар аталады. Абай атаға арналып көптеген ескерткіштер койылған.

4.оқушы.

Абай Лермантовтан «Күнді уақыт игеріп» , «Менің сырым, жігіттер, емес оңай», «Ал сенейін ,сенейін», Крыловтан «Шегіртке мен кұмырсқа» мысалдарын аударған.

Поэзия миыуты.

  1. Абайдың өлеңдері.

  2. Абайдың (шығармалары) аудармалары.

  3. Абайдың әндерін айту.

Өте жақсы. Ендеше ,бүгін біз, Абайдың шығармаларының бірі қара сөздерімен танысамыз. 1890-1898жыл арасында жазылған шығармалар. Жалпы саны 45. Абай өзінің өлен сөздерінің көптен көбі заманындағы оқушы мен тындаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көреді. Осы жайды ескеріп, Абай енді қара сөзінде сол өлендерінде айтылатын ойларының бірталайын жаңа сөзбен таратады. Сонда кейбір қара сөздер іде бұрынғы өлеңіде айтылатын ойлар қарапайым, оңай, жеңіл ұғымдармен қайтадан айтылады.


Оқулықпен жұмыс

-Ал, біздің оқулығымызда Абайдың қара сөзінен үзінді берілген.

Үзіндіні оқушыларға баяндау.

а) Оқушыларға оқыту.

Сұрақ-жауап арқылы талдау.

-Абайдың аталған қара сөзі осы бөлімде берілуінде қандай негіз бар?

-Еріншектік, надандық дегенді сен қалай түсінесің?

-Қандай жат қылықтар туралы айтылып тұр? Бұлар жақсы қасиеттер ма?

Шығармашылық жұмыс

«Сұрақ-жауап ойыны»

Шарты:Оқушыларға мақал негізіне құралған сұрақтар ұсынылады. Ал оқушы сұраққа тиісті мақалмен жауап беру керек.

  1. Егін екпейтін кім?- Еріншек-егін екпейді.

  2. Адамдықтың белгісі не?- Адамдықтың белгісі-иіліп сәлем бергені.

  3. Надандықтың белгісі не?- Білімнің жоқтығы

  4. Екі істейтін кім?- Еріншек екі істер.

  5. Жұмыс кімнің жауы?-жалқаудың

  6. Жігіт жаманы қандай- Еріншек

  7. Түске дейін ұйықтайтын кім?-Еріншек

  8. Ер атандыратын не?-Еңбек

Бекіту.

Жағымды қасиеттер

Жағымсыз қасиеттер







Қорытынды.

Үйге:198- бет оқу. Әр оқушы 2 қара сөзден оқу.

Бағалау: