СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Абай жолы» романы. Қайтқанда

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Даңқы өлмес, даусы сөнбес

«Абай жолы» романының құндылығы - жазушының халық өмірін, оның рухани жан-дүниесін, оның бақытқа, болашаққа ұмтылған, адал махаббатқа талпынған қасиетті сапаларын ұлттық бояумен, ғажайып сырлы сөзбен жеткізе білуінде. Әуезов эпопеясынан ХІХ ғасырдағы қазақ халқының ғана үнін емес, бостандықты, азаттықты, теңдікті

Просмотр содержимого документа
««Абай жолы» романы. Қайтқанда»

ВИДЕО САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:


Пән/Сынып:

Т1 Қазақ әдебиеті, 11-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

ІІІ тоқсан2апта №6 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Ғасырлық туынды

Сабақтың тақырыбы:

«Абай жолы» романы. Қайтқанда

Оқу мақсаттары:

11.1.4.1. көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарды қолдану.

Сабақ мақсаты:

  • шығарма мазмұнын түсінеді;

  • әдеби шығармада үзінділерін ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып айта алады;

  • ұлттық мүдде тұрғысынан талдай алады;

  • кейіпкер бейнесін ашады;

Бағалау критериі:

  • әдеби шығармада үзінділерін ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып айта алады;

  • ұлттық мүдде тұрғысынан талдай алады;

  • кейіпкер бейнесін ашады;

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут


Ұйымдастыру

Амандасу.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстьыру.


Психологиялық ахуалды қалыптастыру.

Бір-біріне жақсы тілек тілейді.



суреттер, кесте, презентация, электронды құралдар, т.б.


3-5 минут

Жаңа сабақ

Мағынаны тану

Даңқы өлмес, даусы сөнбес

«Абай жолы» романының құндылығы - жазушының халық өмірін, оның рухани жан-дүниесін, оның бақытқа, болашаққа ұмтылған, адал махаббатқа талпынған қасиетті сапаларын ұлттық бояумен, ғажайып сырлы сөзбен жеткізе білуінде. Әуезов эпопеясынан ХІХ ғасырдағы қазақ халқының ғана үнін емес, бостандықты, азаттықты, теңдікті аңсаушы бүкіл әлем халқының асқақ даусын естиміз. Сол себептен де ол әлемнің түпкір-түпкіріне тоқтаусыз сапар шекті ақ па, қара ма, сары ма, мұсылман ба, христиан ба- барлық адамзат баласының жүрегіне жол тапты.

Ойтүрткі сұрақтары

«Абай жолы» роман-эпопеясы туралы не білесіз?

  • Абайды аналары кім деп атаған?

  • Роман Абайдың неше жасынан басталады?

  • «Абай жолы» романы қай жылы жазылған?

  • 1949 жылы М.Әуезовке қандай сыйлық берілді?

  • «Абай жолы» романының алғашқы кітабы қандай бөлімдерден тұрады?

Қызығушылықты ояту

«5 қадам» стратегиясы.

• «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайдың оқудан аулына қайтып келе жатқандағы сәттегі көңіл күйін 5 қадаммен бейнелеп беріңіз.

Ықтимал жауап

  1. Ауылға жетуге асығуы;

  2. Туған жеріне деген сүйіспеншілігі;

  3. Ата-анасына, ел-жұртына деген сағынышы;

  4. Туған ауылдың ауасымен дем алып, еркіндікті сезінуі;

  5. Табиғат сұлулығының жабырқаулы көңілге қанат бітіруі;

1- тапсырма «Сиқырлы сандықша» әдісі

Оқушы қалауымен сандықшадан үзінді алады. Үзіндінің қай оқиға тұсында кім айтқанын анықтайды және бала Абайға мінездеме береді:

- Қап, мынаның баласы!.. «Мен бөрінің бөлтірігімін» деп келеді-ау! Қой, не де болса қалмайық енді.

- Жол ұзақ. Ұйқы ашар болсын деп ойнап

ем, ғайыпқа бұйырмаңыз, Жұмеке! - деді.

- Өзі тіпті көшелі кісі боп қапты!

- Балам-ау, қаладан молдалық әкеледі ме десем, нағашыңа тартып

қайтқанбысың немене?- деді.

- Одан да, не күтсеңдер де осы жаман қарадан күтсеңдерші! – деді.



Сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалардың ұжымдық іс-әрекеті бақыланады.














Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру


















Талдау

Өзіңді тексер!

1.Жұмабайдың айтқан сөзі. Жас бала ауылын сағынғандықтан тез жетуге асығады. Сондықтан үлкендерді еріксіз қатты жүргізудің айласын тапқанға ырза.

2.Абайдың сөзі. Абай аулына келе жатқан бетте оның көзіне іліккеннін, бәрі: дала желі де, даланың жусан шөбі де, оның жұпар иісі де бала жанын өзгеше жылылыққа бөлеп, бұл даланы өзінше ұғынып, сүйіспеншілікке бөленеді. Үлкендер қорыққан Есембай да, ұрылар да Абайға суық, жат боп көріне алмады. Керісінше Жұмабайдың өзін бір қорқытып сергіп алды.

3.Майбасардың сөзі. Абай әке сұрағына ересек адамша байсалды жауап береді. Бұл әрекетіне Құнанбай жанындағылар да разы болады. Абайдың оқыған, әдепті, ақылды екенін аңғарамыз.

4.Ұлжанның сөзі.

5. Әкесі Құнанбайдың сөзі. Құнанбайдың Абайды еліне оралуға рұқсат етуінің бір себебі де осы да. Ел ісіне ерте араластырып, өз жолын үйрету болатын. Сондықтан Абайға үміт артты.Абай оқудан келгеннен кейін Құнанбайдың қасында жүріп, ел есіне араласа бастайды. Ел ішінде болып жатқан зомбылықты, қараңғылықты, теңсіздікті өз көзімен көреді

Оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру, іске жұмылдыру.




2- тапсырма Берілген үзінділермен танысып, шығарма мазмұны бойынша ой бөліседі


1.Аз бөгелген соң бағанадан Құнанбайға сыр алдырмай, салқын ғана қарап отырған Байсал:

- Қара деп жазалаған күнде, мұның жазасы не болмақ,- деп еді, Құнанбай:

- Мына Жұмабай қалаға барып, Ахмет Риза хазіреттен фатуа сұрап келді. Жазасы дарға асу депті.


2. Абай, Қодардың қылмысы не, өзі кім екенін білмеген қалпында болатын. Ол жалғыз-ақ «дарға асу» деген жерде, ішінен бір түрлі тіксініп қалды. Әкесіне сене алмай, сескене қарап, «соны істейді-ау» деп бір ойлады.


3. Иә, мен көк ит болсам, сендер көп итсің! Жабыларсың, таларсың да жерсің!- дегенде, Қамысбай мен бағанағы төрт жігіт Қодарды сүйрей жөнелді. Сүйретіле бара жатып, Қодар зор дауыспен барынша шырқап:

- Ақ, қарамды тексермедің бе, өңшең қан жұтқан, қара бет?!- деп, қанталаған көзіменҚұнанбайға бұрылып, атып жіберердей қарады.

4. Абай кешкі козының жамырауынан оянды Басы мең-зең. Еті лапылдап, күйіп тұрған сияқты. Аузы құрғап, ерні қатты кезеріп қапты. Құр тамсанады. Қасында шешесі мен әжесі отыр. Абай шешелерінің күндізгі жайды білгенін байқады да:

- Әкем...Әкем!..- деп әкесін еске алып, күрсініп, кеудесін сипап, шешелеріне құпия қып шаққандай боп: - Не деген қатал, не деген қатты еді!- деді


5. - Я, құдая, зар тілегім босын. Бейуақтағы тілегім. Осы қарашығыма

әкесінің осы ит мінезін бере көрме!.. Тас бауырлығын бере көрме!..

Я, жасаған!- деп құрысқан әлсіз қолдарымен әжімді, мейрімді жүзін

сипап бата берді. Ұлжан да ішінен «аумин» деп бата қылды.

Дескриптор:

  • үзінділер бойынша өз пікірлерін айтады;

  • шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырады.

  • үлкендер мен Абайдың көзқарасының арасындағы алшақтық көрінісін талқылайды;




Бөлім бойынша ықтимал жауап

Жас баланың осындай кінәсіз, тек жақсылыққа ғана бейім адал да ашық жанын алғашқы көрген сұмдық көрінісі – Қодардың қолдан өлтірілуі қатты түршіктіреді. Оның жан дүниесіндегі бір-біріне қарама- қарсы екі сезім – жақсылық пен жауыздықтан туған сезімдер, туған даласына махаббат, сол туған далада болып жатқан сұмдықтан жирену оны шытырманға салады. Осы сәт, менің ойымша, оның өміріндегі үлкен бетбұрыс болып табылды /М.Әуезов/

Күні өтіп бара жатса да тамыры тереңдегі ескіліктің жарқыншағы Қүнанбай бейнесі арқылы жетсе, ал Абай жаңашылдықтың бастамасы. Жазушы Абай тұлғасының қалыптасуын суреттеу арқылы ескі мен жаңаның арасындағы қайшылықтарды бейнелейді.. Бұл Абай образын айшықтауда жаңаша сипат алды. Әке мен баланың өзара ымырасыз жауларға айналуы, нәтижесінде Абайдың әкеден біржола тұсау үзіп, іргесін ажыратуы шығарманың күш-қуатын арттыра түседі. Эпопея ерекшелігі бастан-аяқ тартысқа, қарама-қарсы күштердің қым-қиғаш күресіне құрылған және осылардың бәрі диалектикалық қимыл-қозғалыс, өсу-өрбу, өрістеу үстінде көрсетілген.

Жазушы ру мен ру арасындағы кескілестер - жер дауы, жесір дауы, құн, барымта, алыс-жұлыс, айқастар арқылы үлкен қоғамдық шындықты - ескі мен жаңаның диалектик, қарама-қарсылығын, күрес нәтижесінде ескіні жаңаның жеңуін ашуы тамаша композициялық құрылым деп ойлаймын


Көркем шығармадағы

Абай – халық образы, Құнанбай – заман образы , - Абай достары – жаңашыл қоғамның өкілдері; Зере, Ұлжан – ел анасы , ескі заманның құрбандары: Қодар, Қамқа сияқты кейіпкерлер бейнесі арқылыдәуір шындығын аша білуге баулу.



Қорытынды

Сабақты бекіту Абай жолы – өсу жолы

Пікір

Дәлел

Абайдыңөнер-білімжолына бет бұруыныңсебептері

Абай шығармаларыжалпытіршілікатауының

тұтастығынтүсіндіріп, әдебиеткедеген

сүйіспеншілігіноятып, еліміздіңжас

ұрпақтарынжан-жақтыжетілгенадам

атыналайықтыазаматболыпқалыптасуға

тәрбиелейді.

Абайдыңөзортасынакөз- қарасыныңөзгеруі.

Барлықкөріністердеқоғамныңбарлықәлеумет

тіктоптарыныңәртүрлісипаттабейнеленуі,

Абайдыңжекетұлғаретіндеқалыптасуына

үлкенәсеретті.

Абайдыңәкежолынтаңдамай, халықжағынашығуы

Абай халықтыңмұңынтабабілді. Солхалықтың

жоғынберержаңалығыніздеді. Оған: «Әкесінің

баласы-адамныңдұшпаны, адамныңбаласы-

бауырың» дегенойыдәлел. «Алдаөмір, тартыс.

Солтартыстабұлжалғыз. Қуаты –ақылдық,

үміті-халықеді.

Атаныңұлыемес, адамныңұлымын

Абайшаайтсақ, «Атаныңұлыболмай, адамның

ұлы болу» біздіңмақсатымыз. Бізқандай

мамандықтаңдасақ та, қандайөміржолында

жүрсек те, біз Абай атамыздыңәділдігін, оқу-

білімгеұмтылуын ту етіпбиікұстауымызпарыз!





Үй тапсырмасы

Шығармашылықжұмыс


  • «Эссе» жазу« Абайжолы» романыныңәлемәдебиетіндегіорны

  • «Абай жолы» романыныңкелесітарауыноқу.