СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Абай бол, бағдаршам!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға жлда жүру ережесі туралы түсіндіру. Бағдаршам туралы білімдерін кеңейту.

Просмотр содержимого документа
«"Абай бол, бағдаршам!"»

Абай бол - бағдаршам!

Мақсаты: Балаларды сақтыққа тәрбиелеу, көше қатынас ережелерін меңгерту. Жағдаяттар тудыру, сұрақтар қою, жұмбақ өлең айту арқылы ойларын дамыту. Жолда жүру ережелерін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу. Бағдаршам және көше белгілерін таныстыру.

Көрнекілік құралдар: Бағдаршам, көше суреттері, жол белгілері, машиналар, еденге арнайы салынған жол, үнтаспалар.

Әдісі: Сұрақ- жауап.

Түрі: Ойын түрінде.

Барысы:

Шаттық шеңбері: Біз МАИ- досымыз,

Үлгілі, ақылды боламыз.

Жол ережесін ұмытпай,

Әрдайым еске аламыз.

(топқа жүгіріп Дымбілмес кіреді)

Дымбілмес: Кіруге бола ма? Ой, тамаша, машиналар қандай көп. Мен машинаға қағылып қала жаздадым, жолда машиналар көп екен.

Тәрбиеші: Дымбілмес, сен көшеде журу туралы білемісің?

Дымбілмес: Иә, білемін.

Тәрбиеші: Білсең айта ғой, жақын келіп, машинадан қалай өту керек?

Дымбілмес: Жүгіріп жолын қиып өту керек.

Тәрбиеші: Дұрыс па, балалар?

Балалар: Жоқ, Дымбілмес, дұрыс емес.

Тәрбиеші: Ендеше балалар, біз Дымбілмеске көмектесейіп жіберейік, әйтпесе ол бір күні машина астын түсіп қалуы мүмкін. Ол үшін балалар өзіміз не білуіміз керек?

Балалар: Көше тәртібін.

Тәрбиеші: Дұрыс, балалар! Ал, Дымбілмес сен дұрыс ұғып ал. Қазір біздің балалар көшеде жүру туралы айтып береді.

1бала: Әрбір жаяу жүргінші сияқты, әр бала көшеде аса сақтықпен жүріп тұруы тиіс.

2 бала: Көше тәртібін орындамау, көліктердің жүріп- тұруына кедергі жасайды.

3 бала: Жолды кесіп өтерде әуелі сол жаққа сосын оң жаққа қарап өту керек.

4 бала: Жолды «жаяулар өтпесі» деген белгі бар жерден өту керек.

5 бала: Машиналар жүретін үлкен көшемен жүруге болмайды.

Тәрбиеші: Балалар, жиекжол деген не?

Балалар: Ол адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, ал енді жұмбақты шешіп көріңдер.

Өзі сөйлеу білмейді,

Бірақ тоқта, жүр дейді.

Ол не?

Балалар: Бағдаршам.

Тәрбиеші: Дұрыс, көшеде жүру тәртібін не атқарады?

Балалар: Бағдаршам- өмірімізді қауіптен сақтандыратын қөмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.

Тәрбиеші: Бағдаршам туралы тағы не білесіңдер?

6 бала: Көреген дәу қырағы,

Көшемізде тұрады.

Бағынамыз әрдайым

Ашса кезек үш көзін

Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

7 бала: Қызыл көзі жанса,

Мейлі көлік жоқта.

Қатып қалған жанша

Қыбыр етпе тоқта!

8 бала: Сары көзі жанса,

Мейлі көлік жоқта

Қатып қалған жанша,

Сақ бол, жолда абайла!

9 бала: Жанса көзі жасыл,

Жолың айдай ашық.

Жүре бергін батыл,

Керегі жоқ сасып.

Дымбілмес: Мен енді бағдаршамның көшеде не үшін тұрғанын түсіндім.

Тәрбиеші: Ендеше Дымбілмес, біздің балалармен «Бағдаршам» ойынын ойнайық.

Ойын шарты: Қызыл, сары, жасыл дөңгелектерден бағдаршам құрастыру.

Тәрбиеші: Дымбілмес, сен жол белгілерін білесің бе?

Дымбілмес: Жоқ білмеймін.

Тәрбиеші: Балалар, қане, Дымбілмеске жол белгілері туралы айтып берейік.

(сурет арқылы көрсету)

Тыйым салу белгісі:

Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,

Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым.

Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,

Осы жолы үндемеймін, бар ма тағы сұрағың?

Анықтама белгісі:

Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,

Ой- шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.

Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,

Сондықтан бәрі де тез таныпты.

Көрсеткіш белгісі:

Баратын сапардың қашығын, тұрағын,

Үн- түнсіз жол сілтеп, көрсетіп тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады,

Көкпен боялған төртбұрыш шырағым.

Тәрбиеші: Жақсы балалар, Дымбілмес енді түсіндің бе?

Дымбілмес: Иә, түсіндім, балалар менің сендерге келгенім қандай жақсы болды. Енді жолда жүру ережесін білетін болдым.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасың, балалар енді ән айтайық, жолаушылар жөнінде.

« Жас жүргіншілер» әні орындалады.

Топтық жұмыс: Көшенің суреті бейнеленген ватманға , керекті жол жүру белгілерін қойып шығып, түсіндіріп айту.

Тәрбиеші: Ал, Дымбілмес, сен не білдің, не үйрендің?

Дымбілмес: Рахмет сендерге балалар, мен жол жүру ережесін үйрендім, енді көшеде абайлап жүремін.

Тәрбиеші:Жолда жүру ережесін үнемі сақтау, өміріміздің қауіпсіздігі.

Қорытындылау.

Балаларды мадақтау.