Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Паскаль тілінің if және case (таңдау)
операторларын пайдаланып программа құруға үйрету.
Дамытушылық: Паскаль тілінің if және case (таңдау) операторларын
пайдаланып программа құра отырып оқушыларды өз
беттерімен программа құруға дағдыландыру, логикалық
ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, ұқыптылыққа,
жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.
Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, ойын түрінде
Сабақтың көрнекілігі: Мултимедия кабинеті,фишкілер,
Пән аралық байланыс: Математика, сурет
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
А.Оқушыларды түгендеу, журналға белгі соғу
Б.Оқушылар назарын сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырасын сұрау.
Сабақ барысында әр дұрыс жауапқа фишкі беріледі ( Толық жауап – қызыл фишкі, толық емес жауап – көк фишкі Екі көк фишкі бір қызыл фишкімен ауыстырылады.)
1.Құрылымдық операторларға қандай операторлар жатады?
2. Қарапайым және құрылымдық операторлардың айырмашылығы неде?
3. Құрама оператор деп қандай операторды айтамыз?
4. Паскаль тілінде операторлық жақша дегеніміз не?
5. Шартты оператордың қандай түрлері бар?
6. IF операторының жалпы жазылу түрі қандай?
7. Таңдау операторы не ушін пайдаланылады?
8.Case операторының жалпы жазылу түрі қандай?
Тақырыпты қайталап шолып шығу.
ІІІ. Тапсырмалар (Блок схемасын бір оқушы, программасын бір оқушы орындайды. Жауап - бір қызыл фишкі.)
Екі санның үлкенін табу программасы мен блок схемасын сыз .

















program max;
var x,y,max:real;
begin
readln (x,y);
if x
writeln('max=',max:10:2);
end.
2. Х айнымалысына байланысты У – тің нәтижесін табу программасы мен блок схемасын құр.
Х+2*А , егер Х 0
У=
Х+3*B, егер Х = 0
program esep2;
var x,a,b,y:real;
begin
readln (x,a,b);
if x
writeln('y=',y:5:2);
end.



















3.Светофор программасын құр және блок схемасын сыз.
program Svet;
var x:string; n: char;
begin
readln (x);
if x= ‘қызыл’ then n:=’A’ else if x= ‘сары’ then n:= ‘B’
else if x= ‘жасыл’ then n:= ‘C’;
case n of
‘A’: write ('тоқта,күт');
‘B’: write ('дайындал');
‘C’: write ('жүр');
else write (‘светофорда ондай түс жоқ’); end;
readln; end.
IV.Сабақты бекіту. Тест тапсырмасы
Паскаль программалау тілінің авторы кім ?
А) Блез Паскаль C) Н.Верджино
B) Никлаус Вирт D) Чарльз Беббидж
2. Var қызметшісі сөзі не үшін қолданылады ?
А) тұрақтыларды сипаттау
В) айнымалыларды сипаттау
С) белгілерді сипаттау
D) Программа тақырыбы
3. Операторды шектеп тұратын Begin және end түйінді сөздерін қалай атауға болады ?
A) операторлық жақшалар
B) шартты жақшалар
C) программаның басы мен соңы
D) программаның негізгі бөлігі
4. : = қандай белгі ?
А) теңдік
В) айнымалыларды салыстыру
С) меншіктеу
D) Бөлу
5.GO TO [ белгі ] операторының қызметі ....
А) Шартсыз көшу операторы ;
В) баспаға шығару операторы ;
С) Шартты көшу операторы ;
D) Таңдау операторы
6. CASE [өрнек ] OF операторының қызметі ...
А) Шартсыз көшу операторы В) Баспаға шығару операторы
С) Шартты көшу операторы D) Таңдау операторы
7. IF [шарт ] THEN [1-серия ] ...
А) Шартсыз көшу операторы
В) Баспаға шығару
С) Шартты көшу операторы
D) Операторды енгізу операторы
8. Қай белгі әрбір жолдан кейін міндетті түрде қойылады ?
А) : В) ; С) . D) ,
9. Бар файлды ашу үшін ... командасын орындау керек .
А) FILE – NEW C) EDIT – NEW
B) FILE – OPEN D) EDIT – OPEN
10. Паскаль тіліндегі айнымалыларды сипаттау операторын көрсет
А) VAR C) CONST
B) WRITE D) READ
V. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма беру
3.5 Паскаль тілінің басқару операторлары
3.6. Таңдау операторы
89 бет 9 және12 жаттығулар