Просмотр содержимого документа
«7 сынып Архимед заңы»
Сабақтың тақырыбы Кері итеруші күш. Архимед заңы.
Проблемалық сұрақтар:
- 1.Допты қолмен суға батырғаннан кейін қолымызды жіберсек, доп қайтадан су бетіне шығады. Неліктен?
- 2. Ағаш бөрене мен шегені көлге тастасақ қайсысы батады? Неге?
- Архимед заңы- сұйыққа батырылған денеге осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді.
- Архимед күші ауырлық күшіне қарсы бағытталған. Тік жоғары бағытталған көтеруші күш (Архимед күші) көлемі дене көлеміндей сұйық салмағына тең болады.
Дәптерге жазу :
- «Кері итеруші күш дененің көлеміне және сұйықтың тығыздығына байланысты болады»
- Мұны формула түрінде былай өрнектеп жазамыз:
Бұл Архимед күші деп аталады.
F А =V дене *ρ сұйық *g
F А =V ы.с *ρ сұйық *g
Дененің жүзу шарттары.
- Егер болса, онда дене сұйық ішінде жүзіп жүреді.
- Егер жағдайында дене сұйыққа батады.
- Егер болса, онда дене сұйық бетінде қалқып жүзеді.
«Кім жылдам» жеке жұмыс
- Судағы көлемі 100 м³ болатын дене батырылған. Осы денеге әрекет ететін Архимед күші анықтаңдар?(ρ=1000 кг/м³, g=10 Н/кг)
- Массасы 600 кг , көлемі 0,23 м³ мысты көтеру үшін қандай күш жұмсау керек? (ρ=8900 кг/м³, g=10 Н/кг)
- Керосинге массасы 500 г темір кесегі батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар. Темірдің тығыздығы -7900кг/м³, ал керосиннің тығыздығы -820кг/м³.
Жұптық жұмыс
- Сұйыққа (газға) батырылған денелерге кері _____________ әсер етеді.
- Архимед күші дененің ауадағы және сұйықтағы ______________айырмасына тең.
- Архимед күші дененің ығыстырып шығарған ____________________
- Архимед заңы мына түрде жазылады: ____________
- Архимед заңы арқылы әуеде ұшақ_______, суда кемелер __________.
Жауабы
- Сұйыққа (газға) батырылған денелерге КЕРІ ИТЕУШІ КҮШ НЕМЕСЕ АРХИМЕД КҮШІ әсер етеді.
- Архимед күші дененің ауадағы және сұйықтағы САЛМАҚТАРЫНЫҢ айырмасына тең.
- Архимед күші дененің ығыстырып шығарған СҰЙЫҚТЫҢ салмағына тең.
- Архимед заңы мына түрде жазылады: F А = ρ с *g*Vд
- Архимед заңы арқылы әуеде ұшақ ҰШАДЫ, суда кемелер ЖҮЗЕДІ .
Сыйқырлы конверт тапсырмасы:
- Ағаштың суға батып тұрған бөлігіне 18,6 Н Архимед күші әсер етеді. Осы ағаштың суға батқан бөлігінің көлемі қандай?
- Массасы 6000 кг жер тегістегіш машина тіреуінің ауданы 0,2 м². Оның топыраққа түсіретін қысым қандай?( g=10 Н/кг)
- Биіктігі 10 м, тығыздығы 1800 кг/м³ сұйықтың цилиндр пішіндес ыдыстың түбіне түсіретін қысымын есептеңдер.( g=10 Н/кг)
Үйге тапсырма:
- 1.Көлемі 0,4м 3 болатын дене суға жартылай батырылған денеге әсер ететін Архимед күші қандай?
- 2. Су астындағы массасы 35 кг, көлемі 0,015 м 3 тасты көтеру үшін қандай күш жұмсау керек?
- 3. Судағы денеге 2500 мН Архимед күші әсер етеді. Осы денені сынап қандай күшпен кері итереді?
Қысымның өлшем бірлігі және формуласы
Па және Р=F/S
Атмосфералық қысымды артық немесе кем қысымды өлшеуге арналған құрал.
Манометр
Манометрдің түрлері:
металл манометрі, сфигмоманометр
Сұйықтың, газдың, будың қысымын өлшеуге арналған құрылғы.
Бурдон манометрі
Массаның өлшем бірлігі және формуласы
Кг және m=Ꝭ*V
Массаны өлшейтін құрал?
Таразы
Көлемнің өлшем бірлігі және өлшейтін құрал қандай?
м³ және Мензурка, сызғыш
қан қысымын өлшеуге арналған құрылғы.
Сфигмоманометр (тонометр)
атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың бірі.
Сорғы
сұйыққа батырылған денеге осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етуін не деп айтамыз
Архимед заңы
Архимед заңының формуласы
F А =V дене *ρ сұйық *g
Арқаңмен жүзгенде суда өзіңді жеңіл ұстайсың. Неге?
Арқаңмен жүзген жеңіл , өйткені арқаның көп бөлігі суға батады да кері итеруші күшті көбейтеді.
Сүңгуір үйрек суда жақсы сүңгиді.Судың тарапынан әсер ететін ығыстырушы күшті ол қалай азайтады?
Сүңгуір үйрек өзінің көлемін азайтуға тырысады , яғни қанаттарын денесіне қысып алады.
Архимед қай қалада өмір сүрген
Сиракуз қаласында
Неге өзен суына қарағанда ,теңіз суына жүзген жеңілірек?
теңіз суы тұзды , тұзы неғұрлым көп болған сайын тығызырақ келеді.Архимед күші көбірек болады.
Сүңгуір үйрек су бетінде қамыстың сабағынан ұя жасайды.Ұя су бетінде жел қалай соқса ,солай қарай жүзеді.Құстың ұясын су бетінде қандай күш ұстап тұрады.Ұяның пішіні мен көлемі туралы не айтуға болады?
судың бетінде ұяға Архимед күші әсер етеді .Ұя пішіні ұяның салмағымен оған әсер ететін ығыстырушы күштен бірнеше есе аз болуы керек .
Ауырлық күшін өлшеуге арналған құрылғы.
Динамометр
Салмақты өлшеуге арналған құрылғы.
Динамометр
Дененің жүзу шарттарын ата.
- Ертедегі аңызға қарағанда Сиракуз патшасы Герон таза алтыннан тәж кимекші болып, атақты зергерге көп ақы төлеп ,қажетті алтынды өз қолымен өлшеп береді. Зергер көп кешікпей патшаға тәжді табыс еткенде, ол патшаға аса қатты ұнайды және тәждің салмағы берілген алтынның салмағындай болып шығады.Әйтсе де зергердің біраз алтынды өзіне қымқырып қалып, оның орнына күміс қосқаны туралы сыбыс патшаға жетеді.Өзінің алданғанына ыза болған патша зергердің айласын әшкерелеп берудің амалын таба алмайды да,Архимедті шақырып алып, оған істің мәнін баяндайды.Тәжді тексеріп беруді бұйырады. Архимедті бұл мәселе қатты ойландырады.
- Нәтижесінде: ернеуіне дейін су құйылған ыдыстың ішіне күміс кесегін салып,ығыстырылып шыққан судың мөлшерін анықтайды.Содан соң , күміс кесегін алып тастап , орталанған ыдысқа қайтадан толтыра су құйып, алтын кесегін батырып , ығысып шыққан судың мөлшерін тағы да өлшеп алған.Бұл тәжірибеден, ол күмістің көлемі алтыннан қанша есе артық болса , оның ығыстырып шығарған суының көлемі де сонша есе көп екенін көрген.Демек ,тәж таза алтын болмағаны, оған жеңіл зат қосылған.Сөйтіп , Архимед зергердің қылмысын ашқан.
- Герон патшаның алтын тәжісінің ауадағы салмағы 20Н. Судағы салмағы 18,75Н. Алтынның тығыздығы 20000 кг/м, күмістікі 10000кг/м деп алып, тәждің құрамында алтын мен күмістің қанша болғанын анықтайық.