Күні:
Сабақтың тақырыбы: Бағандар.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Microsoft Word бағдарламасының әртүрлі құралдарын қолдана отырып, мәтінді бірнеше бағанға рәсімдеуді, парақ өлшемдерін келтіруді үйрету;
2. Оқушылардың есте сақтау қабілетін және зейінін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру топпен, жұппен жұмыс жасауға, өзін - өзі бағалауға үйрету;
3. Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Көрсете - баяндау, пікірлесе - түсіндіру, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: ДК, оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды амандасу, түгендеу және бүгінгі сабаққа дайындығын арттыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Миға шабуыл»
1. Тізім деп нені түсінесіңдер?
Тізім деген қандайда бір шамалардың реттелген жинағы. Тізім тұрмыста көп әрекеттерде қолданылады: оқушылар тізімі, олимпиадаға іріктеу сынынан өткен спортсмендер тізімі т. б.
2. Тізімнің түрлерін атаңдар? Нөмірленген, маркерленген және көпдеңгейлі
3. Маркерленген тізімдегі маркердің түрін қалай өзгертеміз? Маркер батырмасын шертіп→Жаңа маркерді анықтау бұйрығын таңдаймызда, қажетті таңбаны таңдар ОК батрмасын шертеміз.
4. Нөмірленген тізімді баптауға бола ма? болады, ол үшін тізім батырмасын шертіп→Нөмірдің жаңа пішімін анықтау бұйрығын орындаймыз
5. Тізім ретінде латын әріптерімен рим сандарын пайдалануға бола ма? Болады
6. Жолақтың тізімдермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бөлімі қандай? Басты→Абзац
7. Нөмірленген тізімді автоматты түрде құру үшін не істеу керек? Тізімнің құрамындағы бірінші пунктті 1 нөмірінен, нүктеден және бос орыннан бастау керек.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Бағандағы мәтін
Microsoft Word 2007 бағдарламасы мәтінді баған түрінде безендіруге мүмкіндік береді. Мәтінді бұлай бейнелеу тәсілі газеттік және журналдық статьяларда кеңінен пайдаланылады. Бағандағы мәтін қарапайым мәтін сияқты пішімделеді. Бағанды Бағандар диалогтық терезесінің көмегімен немесе лентада Беттерді белгілеу қосымшасында Беттер параметрлері тобындағы Бағандарбатырмаларының көмегімен құруға болады.
Бағандар батырмалары

Баған құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Бүккіл құжатты немесе бағанға түрлендіру қажет бөлігін ерекшелеңіз;
2. Лентада Беттерді белгілеу қосымшасына өтіңіз;
3. Беттер параметрлері тобындағы бағандар батырмасын басыңыз және менюден бағанға түрлендірудің қажетті нұсқасын таңдаңыз7
Бағандар менюі
Егер ұсынылған нұсқалардың арасында сізге қажетті нұсқа болмаса, онда Басқа бағандар командасын таңдаңыз. Бағандар диалогтық терезесіндеТүр (Тип) бөлімінде нұсқалардың бірін таңдаңыз немесе Бағандар саныөрісіне бағандардың қажат санын енгізіңіз. Бағанға түрлендіргеннен кейін құжат қалай көрінетінін Үлгі аймағыннан көресіз
Бағандар диалогтық терезесі
Кеңес. Сіз әрбір бағанның енін өзіңіздің қалауыңызша орната аласыз. Ол үшін бірдей енді бағандар жалаушасын алып тастаңыз, одан кейін әрбір бағанның енінің мәнін беріңіз және олардың ара қашықтығын беріңіз.
Егер бағанға қосымша параметрлер орнату қажет болса Бағандар диалолгтықтерезесінің көмегін пайдаланыңыз (мысалы, бағанның әр түрлі енін беру). Ал егер бірдей енді бірнеше бағанды жылдам құру қажет болса, онда құрал- саймандар панеліндегі батырмаларды пайдаланған ынғайлы.
IV.Бекіту. Жаттығу. Бағандар батырмаларының көмегімен Бағандағы мәтінді құру
Баған батырмаларының көмегімен баған құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Бүкіл құжатты немесе бағанға түрлендіру қажет бөлігін ерекшелеңіз;
2. Баған батырмасын басыңыз және тышқанның батырмасын ұстап тұрып, бағанның қажетті санын таңдаңыз. Үшке дейін баған құруға болады;
3. Қажет жағдайда көлденең сызғыштағы маркерлердің көмегімен бағандар енін өзгертіңіз.
А) деңгейі
Өлеңді теріп жазып, 2 бағанға бөліп жазыңыз. Екінші шумақты сары түске, бірінші шумақты жасыл түске бояңыз.
Ақ қанатты көбелек,
Көк қанатты көбелек,
Қызыл қанатты көбелек,
Бақшамызға келе кет.
Гүлдер,гүлдер көктесін
Көбелектер көп келсін,
Ақ қанатты көбелек,
Бақшамыздан кетпесін көбелек-ау көбелек,
Бақшамызға келіп кет
В) деңгейі
Кез келген өзің білетін өлеңді тер. 2 бағанға орналастыр. Сурет кірістір.
V.Қорытындылау. Сабақ өзіңді тексер тестіне жауаптарын талдау арқылы қорытындыланады.
VI.Бағалау. Оқушыларды сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы, үй жұмысы бойынша бағалау.
VII.Үйге тапсырма.