СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

2018 ші "Жаңа жыл"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Мақта қыз бен Мысық атты" жаңа 2018 жыл сценарий"

Просмотр содержимого документа
«2018 ші "Жаңа жыл"»

«Мақта қыз бен мысық» атты 2018 ші жаңа жылдық ертегінің сценарийі


Қатысушылар:

1.Жүргізуші-Мақта қыз,

2.Мысық,

3.Аяз ата,

4.Ақшақар,

5.Рапунсель,

6.Жын,

7. 4- Черепашки нинзы,

8.Алдар көсе,

9.4- Мыстан кемпір,

10.Тауық.

11.Ит


(Жаңа жылдық әуен ойналып тұрады сахна сыртында мыстан кемпірдің даусы естіледі.)


Мыстан кемпір: Ха-ха. Хи-хи. Қараймын, мына кішкентай ақымақ адамдарда мереке екен ғой. Шыршаны безендендіріп мәз мейрам боп жатыр ғой. Ха- ха. Ал мен жалғыз мерекесіз, шыршасыз. Қап бәлем, қоя тұрыңдар, көрсетемін сендерге. Болдыртпаймын мерекені. Аяз атаны күтіп отырған болар.Келтіртпеймін. Аяз аталарын ертегілер елінде адасып кетеді. Ха ха –ха

Жақсылыққа келтіртпеймін

Жаңа жылға жеткізбеймін

Мен тұрғанда адамға

Мереке жоқ жалғанда

Ха-ха –ха. Хи-хи-хи


(Фанфар ойналады, жүргізуші шығады.)


Жүргізуші: Мысығым мысығым сен қайдасың? Мен сені іздеп жүрмін. Аааа міне жатыр екенсің ғой. кане келші бері. Мысығым сен білесің бе жаңа жылда келіп қалды. Қазір осы жерге көптеген қонақтар ,әдемі киім киген балалар келеді. Олар осы жерде бізбен бірге жаңа жылды қарсы алады. Өте тамаша болды ,солай емес пе ия мысығым?!, Міне өздері де келіп қалды. Саламатсыңдарма балалар. Келе жатқан жаңа жылдарың құтты болсын!

Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық

Жаса, жаса, достық, бірлік туыстық

Құттықтаймыз келер жылды алдағы

Ескі жылмен қоштасайық біз ыстық

Жылға шашу шашамыз

Тойлап көңіл ашамыз

Жаңа жылды қарсы алып

Би билеп ән саламыз


Мысық: салем балалар қош келдіңдер! Қандай адемі болып құлпырып кеткенсіңдер а?!

Қазақ биі

Жүргізуші: Ақша қарға малынып

Аппақ тоңын жамылып

Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағынып

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып

Ал балалар Аяз атаны шықырайық қонақтарымызды ертегілер еліне алып барсын. Кәнекей бірге шақырайық: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата.

(Жәй баяу, мұңлы әуен ойналып Ақшақар шығады)


Жүргізуші: Ақшақар не болып қалды, неге жылайсың-? Бүгін мереке ғой.


Ақшақар: Сәлем достар. Қиын жағдай болды. Біз Аяз ата екеуміз жаңа жыл қарсаңында сендерді қуантайын деп сыйлық әзірлеген едік. Кенет қатты, зілді боран соғып, бізді жан жақтағы ертегілер әлеміне алып кетті.Ал енді мен Аяз атаның қай жерде, қай ертегіде жүргенін білмеймін

Жүргізуші: Ақшақар қайғырма, мұңайма. Көз жасыңмен қайғыңды жеңе алмайсың. Қарашы міне біз көппіз. Аяз атаны құтқарамыз. Солай емеспе балалар. Ал балалар Аяз атаны құтқару үшін қиын белестерден, ормандардан, жаман күштерден өтуден қорықпаймыз ба-? Ендеше қол ұстасып, Аяз атаны табу үшін ертегілер еліне саяхатқа шығайық. Кәнекей кеттік.

( әуен ойналады, балалар кете бастағанда шыршаны айналып жезтырнақ жүгереді.)


Мыстан кемпір:Тоқта, тоқта, қайда асығасыңдар! Қайда барасыңдар, Сендер менен рұқсат сұрамадыңдар ма-? Мен жүз мыңдап ертегілер елінде өмір сүрем, сендерді ол жерге кіргізбеймін. Естідіңдерме ............

( Жарық өшеді, мыстан кемпір ғайып болады)

Жүргізуші: Бұл не сұмдық! Сен бізді қорқыта алмайсың. мыстан кемпір. Біз бәрібір Аяз атаны табамыз.. Солай емеспе балалар! Бірақ шыршамыз жанбай қалды ғой, қараңғыда адасып кетуіміз мүмкін ғой. Енді қайттік.


(Әуен ойналады, Рапунсель шығады.)

Жүргізуші: Сәлеметсізбе сұлу қыз. Атыңыз кім болады.

Рапунсель: Сәлеметсіздерме балалар! мен ертегілер әлеміндегі ханшайым Рапунсельмін. Неткен бәрің әдемісіңдер, сәнді киініпсіңдер . Бірақ неге мұнсызсыңдар.

Жүргізуші: Рапунсель бізде қиын жағдай болып тұр. мыстан кемпір меркемізді бұзып, шыршамыздың жарығын сөндіріп, бізді ертегілер еліне кіргізбеймін деп қорқытты. Не істейтінімізді білмей тұрмыз. Аяз атаны табуымыз керек, әйтпесе жаңа жылымыз басталмайды.

Рапунсель: Достар мен сендерге ертегілер еліне тез жетуге көмектесемін.

(шапалақпен жарықты жандырады.)

Рапунсель:Міне достарым біз енді ертегілер еліндеміз.

Жүргізуші: Рапунсель орманның іші қараңғы, көңілсіз адасып кетуіміз мүмкін ғой.

Рапунсель: Олай болса шыршадағы жарықты жандырып, жұлдызшалар сендерге жол көрсетсін. Ол үшін сиқырлы сөзді айтып үрлеуіміз керек.

Кәне шырша 1-2-3 жарығыңды жандыр(Бәрі бірге қайталайды. Рапунсель сиқырлы таяқпен үрлейді.)

Жүргізуші: Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Би

Жүргізуші: Балалар бәрі жақсы болды. бірақ уақыт тығыз. жаңа жылда келіп қалды. Әлі алда қаншама ертегілер елі бар. Қалай өтсек болды екен.

Рапунсель: Мен сендерге көмектесемін. Бұл қиын емес. Менде сиқырлы шам бар. Сіздерге қажет болып қалар. Бірақ есте болсын, шам тек жақсы адамның қолында болуы тиіс, әйтпесе қиын болуы мүмкін.. Ал енді менің уақытым болды. Кетуім керек. Сау болыңдар балалар.(Әуен ойналады, Рапунсель кетеді)

Жүргізуші және балалар : Сау бол Рапунсель

Жүргізуші: Ой балалар, біз сиқырлы шамды қалай қолданатымызды сұрамадық қой. Енді не істейміз. Сендер білесіңдер ме-?. Қалай қолданамыз. Мына жерге бір нәрсе деп жазалып тұр ғой. Бірақ түсініксіз екен. (шамды сүртеді.)

(Сахнаға әуенмен сиқырлы шамның ішіндегі Жын келеді.)

Жүргізуші: Сен кімсің ?

Жын: Мен Жынмын. Сиқырлы шамның құлымын.

Жүргізуші:Мүмкін сиқыршы шығарсың ?

Жын: Мен сиқыршыданда мықтымын. Әрі күштімін. Қалаған тілектеріңді орындаймын.

Жүргізуші: Құрметті Жын бізде жаңа жыл мерекесі келе жатыр, ал біз Аяз атамыздың қай ертегіде жүргенін білмейміз. Аяз- атасыз мерекеде басталмайды. Аяз- атаны табуға көмектесе аласыңба ?

Жын: Көмектесейін. Бірақ, бір өтінішім бар. Мен мың жылдап мына шамның ішінде отырып әбден ішім пысты. Бір көңілімді көтерсем деймін. Сендер менімен ойнайсыңдарма ?

(Ойын басталады.)

Жын: Ой, көңілімді бір көтеріп тастадыңдар ғой. Рахмет сендерге. Енді алғысымды білдіретін уақыт келді. Кәнекей менімен бірге қайталаңдар.

Бірлесіп біз шапалақ қағамыз

Бірлесіп біз аяқпен ойнаймыз

Айналамыз, отырамыз.

Бір- бірімізге қараймыз

Кәнекей бірге қайталаймыз 1-2-3

Кәне тірілші ертегіміз.

(Әуен ойналады мыстан кемпір кіреді.)

мыстан кемпір: Болдыртпаспын. Ертегіге келтіртпеспін.(шамды ұрлайды).

Мен енді сиқырлы шамның егесімін. Не қаласам сол болады. Ха-ха-ха. (кетеді.)

Жүргізуші: Міне қайғы. Енді не істейміз. Сиқырлы шамда, Жын да

көмектесетін ешкім жоқ.

Черепашки ниндзалар кіреді: рафаель, леонардо, микеланджело, данателло. ООО не деген әсем шырша, қандай әдемі балалар. Мына жерде не болып жатыр балалар?

Балалар: Хормен: Жаңа жыл

Жүргізуші: Саламатсыздарма тасбақа мырзалар! Бізде бүгін үлкен мереке еді. Бірақ біз Аяз атамыздың қай ертегіде жүргенін біле алмай көңілсіз болып тұрмыз. Мыстан кемпір балалардың жаңа жылды тойлауына кедергі жасап жүр.

Черепашки: Енді түсінікті балалар біз сендерді неге көңілсіз деп ойласақ. Біз сендерге көмектесеміз.

(Таспақалар қылыштарымен мыстан кемпірдің достарымен шайқасады.

Мыстан кемпірдің достары залдан жылап қашып кетеді)

Жүргізуші:Балалар енді кімнен көмек сұраймыз.

(әуен ойналады, Алдар көсе есекпен ән айтып кіреді)

Жүргізуші: Балалар келе жатқан кім. Сендер танисыңдар ма ?

Алдар көсе:Охо-о-о, Мына жерде қонақтар көп екен ғой. Барлықтарың қандай әйбатсыңдар. Ой мен өзі қайда келдім. Қандай мереке болып жатыр.

Жүргізуші:Сәлеметсіз бе Алдар көсе. Бізде жаңа жыл мерекесі. Бірақ Аяз атамыз жоқ. Жағдайымыз қиын болып тұр. Жезтырнақ Аяз атамызды қай ертегіге апарып тастағанын білмейміз. Жын көмектесем деп үлгере алмады. мыстан кемпір сиқырлы шамды ұрлап кетті. Алдар көсе сен өз ертегіңде Аяз атаны көрмедің бе?

Алдар көсе: Жұмбақтап ізденгенше Жезтырнақтың өзінен сұрайықта Аяз атаны қай ертегіге тығып қойғанын білейік. Бірақ мен сендердің Жезтырнаққа қарсы тұрып, қорықпай мықты болатындықтарыңа сенімді болуым керек.

Ойын ойнатылады

Алдар көсе: Ал балалар сендерге көмектесетін уақыт келді. Менің домбырам сиқырлы. Жақсы адамға көмектеседі. жамандарды жазалайды. Кәзір мұны өздерің көресіңдер.(Домбырада ойнайды бәрі билейді, жүгіріп, билеп Мыстан кемпір кіреді.)

мыстан кемпір Бұл не сұмдық. Тоқтат жаныңның барында. менің билегім келмейді. Тоқтат деймін әйтпесе сиқырлы шамдағы Жынға айтамын, көздеріңді жояды.

(Алдар көсе ойнағанын бірден тоқтатады, мыстан кемпір орындыққа құлайды.)

Алдар көсе: Құрметтім сен не дедің. Мен шалыс естідім бе? Бұл кімге жаман болады. Кәне балаларға Аяз атаны қайтар.

мыстан кемпір Ойламаймын да! Болдыртпаймын мерекені! кәне бәрің үйлеріңе қайтыңдар. Кәзір қара күштерімді жіберсем.

Алдар көсе: Не дедің-? Қап бәлем қоя тұр!(домбырасын ойнайды. Мыстан кемпір билейді, Алдар көсеге жақындар домбыраны тартып алуға тырысды.)

мыстан кемпір Жарайды, мен келістім.Аяз атаны қайтарам. әуенді тоқтадыңдар.

Түф, сүф,сүф, дарадай.

Күйген бақа қапшық ай

Қырғи, тырғи,

Ащысыз, тұссыз

Сыбырлап, сиқырлаймын

Тұздаймын бұрыштаймын.

Айтқанымды орында

Айға апарып тастаймын

Алдар көсе: Не дейсің?

мыстан кемпір Жәй әзілдедім. Аяз атаны залға шақырып жатқаным ғой.

(әуенмен Мыстан кемпір ғайып болады, Аяз ата келеді.)

Аяз ата: Саламатсыңдар ма балалар!

Армысыңдар қадірлі қонақтар!

мыстан кемпірді жеңіп, мені құтқарғандарыңа үлкен рахмет!

Ал балалар Жаңа жылды қарсы алып,

Қуанышпен шаттыққа кенелейік

Жадырап ән шырқап тербелейік.

Кел жаңа жыл, шық жоғары төрлет төрімізге

Береке бірлік әкел елімізге

АқшаҚар: Төрле, төрле құтты жыл

Қуаныштан айтылады әсем жыр

Балалардың бақытында шек болмай

Жүректері қуаныштан толқып тұр.

Ән «Аяз ата» шыршаны айнала

Аяз ата: Ал енді балалардың көңілін көтеру үшін ойынымызды бастайық!(Ақшақар мен би орындалады.)

АқшаҚар: Балалар біз сиқырлы шам туралы ұмытып кетіппіз. Аяз ата мыстан кемпір сиқырлы шамды ұрлап әкеткен. Егер шам жаман адамның қолына түссе өте қиын болады.

Аяз ата:Бұны болдыртпай, сиқырлы шамды қайтару керек.

Жүргізуші: Қайтаруымыз керек. Бірақ қайда барып, қайдан іздейміз мыстан кемпір. Қап әттеген- ай, Менің қалауым мен мыстан кемпір көрін көзіме десең , Көрінсе ғой -ә.

Аяз ата: Бұны болдыртуға болады. Ұмытпаңдар! Менде сиқыршымын ғой. Кәнекей немерем берші маған сиқырлы таяқшамды.

Желдетіп, борандатып ойнаңдар

Иіліңдер ақ қайынмен шыршалар

Менің барлық орманымның ішінен

Тауып мыстан кемпір көрсетіңдер

( мыстан кемпір бір бұрышта шамды сүртіп отырады)


мыстан кемпір: Шық

Жын:Шықпаймын

мыстан кемпір:Шық деймін!

Жын:Шықпаймын.

мыстан кемпір:Мен шамның егесімін, айтқанымды орындауың керек.

Жын: Әміріңізге құлдықпын.

Аяз ата: Мұнда екенсің ғой Кәне тез қайтар шамды.

мыстан кемпір:Ойламаймында! сендер бәрің қорқатын боласыңдар! мен шамның егесімін. Не қаласам Жын орындайды. Шыршадағы жарық сөнсін. Ха-ха-ха.

(Жарық өшеді, мыстан кемпір күліп тұрады.)


Аяз ата: Ал біз бәріміз бірге үрлеп шыршаны жағамыз!

мыстан кемпір:Олай болса, Аяз саған ауру жіберем, беліңнен ұстасын.

(Аяз белін ұстап қалады.)


Аяз ата: Ой оңбаған. Ойбай белім- ай. Кәне таяқшам 1,2,3 Аязыңнан ауруыңды аластат.

мыстан кемпір: Бәрібір жеңе алмайсың! Менен мықты, күшті жоқ.

Аяз ата: Сен күшті емессің. Сенен қорықпаймын. Сенен мықты Жын.

мыстан кемпір Онда мен күшті Жын болғым келеді.

(әуен ойналады, мыстан кемпір ғайып болып Жын қалады.)


Аяз ата мыстан кемпір алдап жеңдік. Жын сен енді сиқырлы шамнан босадың. Енді шамның құлы басқа. Зияны басқаға тимес үшін шамды Солтүстікке алып кетем.

Жүргізуші:Аяз ата жаман күшті біз жеңдік. Жынды босаттық. Ал жаңа-жылымыз әлі басталған жоқ. Қалай болады енді.

Жын: Жаңа жылымыз міндетті түрде болады. Сендер сиқырға өздеріңнің кішкентай сиқыршы екендеріңізге сенесіңдер ме-? Кәнекей бәріміз саусақтарымызды сықырлатып алқанымызды үрлесек сол кезде жаңа жылымыз басталады.

(саусақтарымен сықырлатып, алақандарымен үрлейді.)

Жүргізуші:Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Тауық жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.

(Әуен ойналады, шыршаны айналып Ит кіреді,)

Ит:

Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,

Жаса, жаса достық бірлік туыстық.

Құттықтайық жаңа жылды өнермен,

Қуаныштың әр минуты тым ыстық.

(Ортадан ескі жыл шығады)

Тауық: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім.

Жасампаз заман бұл заман

Бүгіннен ертең ғаламат

Алдыңғы сапта боларсың

Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді)

Ит:

Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар

Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар

Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар.

(Балалар өнерлерін көрсетеді.)

Аяз ата: Міне Жаңа жылымызда келді. Балалар қарсы алыңдар. Жаңа жылда бақытты күндерің көп болсын. Ал енді менің сендермен қоштасатын уақытым болды. Қош сау болыңдар балалар.

Күлкісімен жеткізіп бабаға сыр

Қуаныштан салады балада асыр

Жұмбақтанып, жаныма жырды ақтарып

Елімізге қош келдің жаңа ғасыр.

Аяз ата және Ақшақар:Сау болыңдар балалар!


Жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Біз сіздерді Жаңа 2018 Ит жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз. Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңдар!

Мысық: Сау болыңдар балалар!