СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

2 саны мен сан белгісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:

Тәрбиелік: 2 санымен таныстыру. Заттарды қалыңдығы мен биіктігі бойынша салыстыруға жаттықтыру.

Дамытушылық: Дидактикалық ойын: «Бұл қашан болады?» Мақсаты: Уақытты бағдарлай білу, тәулік бөліктерін меңгерту.

Оқыту: Балаларға құрамында 1 және 2, 2 және көп заттар тобын салыстыруды және теңдік пен теңсіздікті орнатуды, заттар санын атауды, санмен белгілеуді үйрету.

 Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап

Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер

Просмотр содержимого документа
«2 саны мен сан белгісі»

Ересек «Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізі күні:23.09.19ж

Тәрбиеші:Оразова Г.Т

Білім беру саласы: «Таным»

Пән:ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз»

Тақырыбы: 2 саны мен сан белгісі

Мақсаты:

Тәрбиелік: 2 санымен таныстыру. Заттарды қалыңдығы мен биіктігі бойынша салыстыруға жаттықтыру.

Дамытушылық: Дидактикалық ойын: «Бұл қашан болады?» Мақсаты: Уақытты бағдарлай білу, тәулік бөліктерін меңгерту.

Оқыту: Балаларға құрамында 1 және 2, 2 және көп заттар тобын салыстыруды және теңдік пен теңсіздікті орнатуды, заттар санын атауды, санмен белгілеуді үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап

Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер


Ұйымдастырған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезең:

Балалардың көңілін сабаққа аударады. Өткен сабақты балалардың естеріне түсіреді.

- Балалар, біз өткен сабақта қандай санмен таныстық? (Бір).

- Маған столдың үстінен сол бір санының цифрын кім тауып көрсетеді?

2.Негізгі бөлімі: (Тақтаға бір алманың суретін іледі).

- Тақтада қанша алма бар?

(Осыдан кейін тағы бір алманың суретін алып, бір алманы қосады)

- Енді қанша алма болды?

«Екі» деген сөзге балалардың көңілін аударады.

(Екі саны екі бірліктен тұратынын балаларға айтып түсіндіреді.)

- Балалар, бір алмаға және бір алма қостық. Содан екі алма шықты.

Осыдан соң екі санының цифрымен таныстырады. Екі санына байланысты өлең шумақтарын оқып береді

2 цифры:

Бірден кейін тұрамын

Бірден кейін тұрғаным.

Бірді бірге қосқанда,

Мен шығамын, шырағым.

- Бірінші жолақшаға бір үйректің суретін қойыңдар, екінші жолақшаға бір тауықтың суретін қойыңдар. Үйрек пен тауық қанша болды? Екеуі тең бе?

- Үйректің досы келіп қасына отырды. Қанша үйрек болды?

Қайсысы көп?

Тәрбиеші:

- Балалар, бірінші жолақшадағы 2 үйректің қасына 2 санының цифрын, екінші жолақшадағы 1 тауықтың қасына 2 санының цифрын қойыңдар.

- Екеуі тең болу үшін не істейміз?

- Бірінші жолақшаға тағы бір тауық қоямыз

- Үйрек қанша? Тауық қанша?

Балалардың тапсырманы қалай орындағанын тәрбиеші аралап көріп шығады.

Не екенін және қанша екенін анықтайды.

Сергіту сәті

Екі қанат қазда бар,

Сайрандайды сазда олар.

Екі қанат құрда бар,

Құр ауласаң қырға бар.

- Балалар енді мына 2 кітапты салыстырайық. Кітаптарды қатар қойып, салыстырады. (үлкен кітап, кішкентай кітап)

- Қандай айырмашылығы бар?

- Үлкен кітап қандай?

- Кішкентай кітап қандай?

- Қалың – жұқа екен.

- Ал биіктіктері қандай?

Жұп заттардың суреттерін көрсетіп, олардың қалың – жұқа, биік –аласа екенін салыстыру.

Дидактикалық ойын: «Бұл қашан болады?»

Мақсаты: Уақытты бағдарлай білуге үйрету. Тәулік бөліктерін атауға жаттығу. Суретпен жұмыс. Әрбір суретті сәйкес тәулік мезгіліне қосу. Тәулік мезгілдері туралы жұмбақ жасырылады. (таңертең, түс, кеш, түн).

Ұйқымыздан оянамыз,

Беті– қолды жуамыз,

Анамызға ереміз,

Балабақшамызға келеміз.

Бұл қай мезгіл?



3.Қорытынды: Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.