СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

2-ге санды көбейту

Нажмите, чтобы узнать подробности

сабақ оте қызықты ұнайды өзіме сабақты 1сыныптарға жүргіздім ата-аналарыма да ұжымдағы әріптестеріме де ұнады

Просмотр содержимого документа
«2-ге санды көбейту»



«Қамысты ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің

Бестөбе орта мектебі»ММ





Ашық сабақ

Тақырыбы:Үстеу



Өткізген:Сұлтан С.С





2016жыл









































Тақырыбы: Үстеу
Мақсаты:
Білімділік:
Сөз таптары туралы білімдерін шыңдау,үстеу туралы ұғымдарын жетілдіру,сөздерге дұрыс сұрақ қою арқылы сөз таптарын шатастырмай ажырата білуге үйрету, қатесіз, көркем жазуға баулу. 
Дамытушылық:Үстеуді сөйлем ішінен ажырата білуге , сауатты жазуға, іздену дағдыларын қалыптастыра отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Үстеу тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке, жолдастыққа көмек көрсетуге баулу. 
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,ойын, сыныппен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі.
Көрнекілік, қажетті құрал: интерактивті тақта. 
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу
Армысың, алтын күн
Армысың ,көк аспан
Армысың ,достарым
Армысыздар, қонақтар!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
35- жаттығу.
Кестені толтыр
Зат есім Сын есім Сан есім Есімдік
Үйге берілген тапсырманы оқыту арқылы тексеріп шығу.
ІІІ.Өткен сабақты бекіту.
Интерактивті тақтадағы сұраққа жауап беру:
Есімдік дегеніміз не?
2)Жіктеу есімдігі деп нені айтамыз?
Жіктеу есімдігінің септелуі?
ІV.Жаңа сабаққа дайындық :
Ертегі тамашалағанды ұнатасыңдар ма?
Олай болса ,экранға назар аударып ертегіні тамашалайық
-Ерте,ерте ертеде бір жалғыз терек өмір сүріпті.
-Ух, жаным- ай , жаным- ай! Енді не қыламын?Құрт ауруына шалдықтым, тесіп жеп барады,бұтақтарым сықырлайды,жапырақтарым сыздайды,жәрдем ете көріңдер! –деген дауысты естіген ақ көгершін .
-Терек ата,ауруыңыз жаман екен.Мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп көрейін –деп ақ көгершін ұша жөнеледі.
-Балалар көгершін емші құсты тапқанша терекке біз көмек берейік.Біздің әрбір орындаған тапсырмамыз арқылы теректен бір құмырсқаны алып тастап отырамыз.
Алғашқы тапсырмамыз сөзжұмбақ.Бүгінгі өтілетін тақырыбымызды мына сөзжұмбақты шешу арқылы табамыз.Біз қай пәннен мақал-мәтелді көп пайдаланамыз? Ана тілі пәнінде.
Сөзжұмбақты мақал-мәтел арқылы шешеміз:
1) Жақсыдан ……. (Үйрен)
Жаманнан жирен.
2)Өнерлі бала ……… (сүйкімді)
3) Түлік ……….. өседі. ( төлден)
4) Жері байдың-.....бай. (елі)
5) Жыланның …. — тілінде.( уы)
ү й р е н
С ү й к і м д і
Т ө л д е н
Е к і
у ы
Тігінен қою қара түспен жазылған сөзді оқысақ үстеу деген сөз шығады.
Онда бүгінгі тақырыбымыз «Үстеу» деп аталады.
Үстеудің нені білдіретінін, қандай сұраққа жауап беретінін білу үшін мына жаттығуларды орындаймыз.
VІ.Оқулықпен жұмыс.
1- жаттығу.
Сөйлемді көшіріп жазу.Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып, мағынасын түсіндіру.Қай сөзбен байланысып тұрғанын табу.
Көгершін ұшып келе жатып ,биік төбеде отқан сауысқанды көреді де ,терекке жәрдем беруін сұрайды
-Әркімнің өз жұмысы бар,Менің де қолым бос емес,-дейді де ұша жөнеледі.
-Балалар ,сауысқанның орнына біз көмектесеміз бе?
-Олай болса келесі жаттығуларды орындайық.
2-жаттығу.
Сөздерді оқу.Бұл сөздерді етістіктермен тіркестіріп жазу, оларға сұрақ қою.
Былтыр,күндіз,төмен,кенеттен,кезде,жорта,жоғары
Мысалы: Былтыр келді,
Мұғалім түсіндірмесі:
Үстеу – іс-әрекеттің белгісін (орнын, мезгілін, амалын,мақсат-себебін) білдіретін сөз табы. Сондықтан да үстеулер қолданылу барысында етістіктермен тіркесіп тұрады
Көгершін ұшып келе жатып ,қырғауылға жолығады.Терекке жәрдем беруін сұрайды
- Менің қолым бос емес-дейді де ұша жөнеледі.
-Балалар ,қырғауылдың орнына біз көмектесеміз бе?
-Олай болса келесі жаттығуларды орындайық.
3-жаттығу.
Ребусты шешу.
Қазір, алда – деген сөздер шығады.Ауызша әр қатарға бір сөйлемнен құрату.
Көгершін ұшып келе жатып ән айтып тұрған бұлбұлға кездеседі.Терекке жәрдем беруін сұрайды
- Менің әнімді адамдар,орман құстары жақсы көреді.Мен соларға ән орындауым керек,қолым бос емес-дейді 
-Балалар ,бұлбұлдың орнына біз көмектесеміз бе?
-Олай болса келесі жаттығуларды орындайық.
VІІ. «Аукцион» ойыны
Шарты: Берілген сыйлықты сатып алу үшін 
1-қатар: 2-қатар: 3- қатар:
(қашан?) (қайда?) ( қалай?) сұрақтарына шектеулі уақытта жауап жазыр шығу керек.Қай орталық көп жауап жазса сол орталық жеңіске жетеді.
VІІІ.Жұмбақ шешу.
4-жаттығу
Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді. (жұлдыз)
Тапсырма: Үстеуді тауып , үстеу екенін дәлелдеу.
Дәлелдеу:
Күндіз , түнде—бұл үстеу.Өйткені—іс- әрекеттің мезгілін білдіріп тұр.
Қашан ? сұрағына жауап беріп тұр.
Көгершін ұшып келе жатып көлде қалықтар жүзген аққуларға кездеседі.Терекке жәрдем беруін сұрайды
- Мен бұл көлден алыс кете алмаймын.Сен оданда осы орманда үйсіз,күйсіз жүрген бір құс бар сол құсты тауып алда өтініп көр-дейді 
-Балалар ,аққудың орнына біз көмектесеміз бе?
-Олай болса келесі жаттығуларды орындайық.
5- жаттығу.
Сөйлемдерді көшіріп жазу.Үстеулерді табу, олардың мағынасын түсіндіру.
Үстеулердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету.
ХІ. «Біріктіре білейік» ойыны
- Балалар сендерге ортақ сұрақ:
-Аққу бізге қандай құс жайлы айтты?Бұны білу үшін көбейту кестесін шешіп көрейік.
-Сонда бізде шыққан қай құс екен?
-Тоқылдақ
-Енді барлығыңа тапсырма: Осы ертегіге әр орталық ойласа отырып ат қою керек
ХІ.Сабақты қортындылау.
Семантикалық картаны толтыру
Сөздер Мекен Мезгіл Сын -қимыл

Ертең
Жоғары
Ілгері
орманда
Төмен
Биыл
алда

Х. Үйге тапсырма: 6-жаттығу. «Биылғы қызық оқиғалар»
тақырыбына әңгіме құрау. Әңгімеде үстеулерді пайдалану.
ХІ.Бағалау.Әр топтағы топ басшы сабақ басында өз тобының мүшелерін бағалап отырып,соңында қорытынды жасайды.



«Қамысты ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің

Бестөбе орта мектебі»ММ




Ашық сабақ

Тақырыбы:Санды 2-ге көбейту және бөлу



Өткізген:Сұлтан С.С





2016жыл






































Сабақтың тақырыбы: Санды 2- ге көбейту кестесі

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға санды 2- ке көбейту және бөлу кестесін мысалдар арқылы түсіндіру.

  2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту.

  3. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерективті тақта, тапсырмалар, құстар туралы

мәліметтер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

Оқушыларды тыныштандыру, назарларын сабаққа аудару

  1. Жаңа сабақ

Елімізде 500 - ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері. Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді. Балапандарын қанаттандырып, жауларынан қорғайды.Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,адамдардың көңіл - күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек.

Жыл құстары дегеніміз - Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар

Құстар туған жерге топ - тобымен ұшып келіп жатыр. Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асады. Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.

Қазақ жерінде қанаттылардың 481 түрі, ал қазіргі таңда Алматының өзінде 161 құстың түрі мекендейді. Оның 57-сі қыстайтын, 88-і жыл құстары. Құстар ерте көктемде екі кезеңмен ұшып келеді: Бірінші кезең – 21 наурыз бен 22 сәуір аралығы. Бұл уақытта көбіне құрт-құмырсқамен қоректенетін сайрақ, қараторғай, таңшымшық, сарықаз торғай, жаурақ торғай, т.б. түрлері келеді. Екінші кезең – 22 сәуір мен мамыр аралығында бұлбұл, мысық торғай бастаған әнші құстар келеді

Осы көктем келісімен біздің елімізге оралатын құстарды білгілерің келсе тапсырмаларды орындайық

Іске сәт!

№1 (ауызша)

2*2= 2+24*2= 8 4: 2=2

3*2= 3+3 3* 2=6 6:2=3

4*2= 4+4 4* 2=8 8:2=4

5*2= 5+5 5*2= 10 10:2=5

  • Жарайсыңдар ең бірінші көктемнің бірінші күнінде ең бірінші болып қараторғай.Қараторғай - өзі кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайдыәнгеқосып, шырқаған.( Слайд)





№2

  1. Қарындаш 5теңге тұрады. Осындай 2 қарындаш неше теңге тұрады?

1 қ-5т

2қ-?т

Ш: 5*2= 10

Ж: 10теңге тұрады

  1. Кері есептер құрастыр және шығар.

2қ- 10т

1қ- ?

Ш: 10:2= 5

Ж: 5 теңге тұрады

  1. Ірі жыртқыш теңіз балығы  (электрлі скат)10 жұмыртқа, ал (құмайт акула) одан 5 есе кем жұмыртқа салады. Құмайт акула неше жұмыртқа салады?

Э- 10 ж

А- 5? есе кем

Ш:10:5= 2

Ж: Құмайт акула 2 жұмыртқа салады

  • Екінші болып көктем мезгілінде сайрақ ұшып келеді екендене мөлшері қараторғайдай құс. Бұл тау құсы жартастардың шығар аузы ашық үлескілерімен кездесетін жартастарды ұнатады. Қыркүйекте ұшып кетеді. Сайрақ әуен қызған кезде бір сағатта 1100 әуенге дейін орындайды . (Слайд)

«Арқан тартыс» ойыны

  • Кім арқан тартыс ойынын біледі?

Бұл қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойынды жазда аулада не болмаса спорт алаңында ойнауға болады. Топ 2- ге бөлінеді ұзындау арқан алынып, ортасын қызыл жіппен байлаймыз. Екі топ өз жақтарына тартады. Көп тартқан топ жеңімпаз атанады.

Біздің ойынымыз өзгешелеу болады мен сендерге есептер айтып отырамын қай топ бірінші болып қолын көтеріп дұрыс жауап айтады, сол топқа қарай қызыл жібіміз қозғалып отырады. Іске сәт!

2*2 3*2 4*2 5*2 2*3

20*2 30*2 40*2 50*2 2*30

200*2 300* 2 400* 2 500* 2 2*300



2*4 2*2 2*5

2*40 2*20 2*50

2*400 2*200 2*500



  • Үшінші ұшып келетін таңшымшық. (Слайд)

  1. Сергіту сәті

  1. Көктемде ұшып келеді,
    жаздай концерт береді. (бұлбұл)

  2. Көлдің көркі, сәні екен,
    Ұшқанда сазды ән екен.
    Ақындар оны мақтаған,
    Адамдар қорғап сақтаған. ( Аққу )

  3. Орманда жоғары,
    Ағашқа қонады.
    Тұмсығын балта етіп,
    Тоқ - тоқ соғады. ( Толқылдақ )

№3

Тақтамен жұмыс

6:2 8:2 4:2 10:2

60:2 80:2 40:2 100:2



600:2 800:2 400:2 1000:2

6:2 8:4 4:4 10:5

  • төртінші ұшып келетін сарықаз. (Слайд)

№ 4

10- ға дейінгі сандардың ішінен:

  1. 2- ге бөлінетін сандарды ата (2,4,6,8,10)

  2. 2- ге бөлінбейтін сандарды ата (1,3,5,7)



  • Бесінші ұшып кететін- Көкектер тіршілігін, негізінен, ағаш, бұта басында өткізеді. Олардың Қазақстанда кездесетін түрлері ұя салмайды (басқа құстардың ұясын пайдаланады), балапан баспайды. Көкек балапанының арқасына өте сезімтал бүртік пайда болады. Осы бүртікке басқа зат жанасса-ақ балапан оны лақтырып тастауға бейімделе қалады.

  • Көкектер – жыл құсы. Олар жылы жақтан біздің республикамызға сәуір айында ұшып келеді. Бұл айда қар кетіп, күн жылынып, көкек шақыра бастайды. Қазақтың дәстүрлі күнтізбесіндегі сәуір айының көкек деп те аталуы осыған байланысты. Топырақтың үстінде әр түрлі ойындар ойнайды. (Слайд)

  1. Қорытынды

Карточка тарату









4 см * 2=2 см * 2= 3 см * 2=

40 см * 2= 20 см * 2= 30 см * 2=

400 см *2 = 200 см * 2= 300 см * 2=



  1. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысқандары бойынша марапаттап, бағалау.